Otis
  

Қазақша жаңалықтар

«Ресейлік азамат Қытайдан Қазақстанға құны 1 млрд контрабандалық тауар жеткізіп тұрған»

Дата: сегодня в 19:33

Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан контрабандалық тауарлар жеткізудің ірі арнасының жолын кесті.Фото: newskaz.ruБұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ КБК Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтау бөлімінің бастығы Ерден Жұма мәлім етті."Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында контрабандалық тауарлар жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған Ресей Федерациясының 1969 жылы туылған А. есімді азаматы белгілі болды",-деді ол.Атап айтқанда, ретке келтірілген кесте бойынша, тауарлар Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы азаматтарының аттарына құрылған қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мекенжайларына әкелініп, олардың қызметін Ресей Федерациясының аталған азаматы бақылап отырған.Тауарлар Қазақстан аумағына төмендетілген кедендік құнмен және тасымалданатын тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер көрсетілген жалған құжаттар негізінде жеткізілген.

«Виталий Кличко Киев мэріне үміткер ретінде өтініш берді»

Дата: сегодня в 19:23

Киевте бүгін қала мэріне сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу басталды. Науқан 30 сәуірге дейін жалғасады.Қазірдің өзінде 30-ға тарта саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Киев мэрі сайлауына түскісі келетінін білдіріп үлгерді. Олардың арасында танымал боксшы әрі УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко, қала әкімшілігінің қазіргі басшысы Владимир Бондаренко, парламент депутаты және Еуромайдан белсенділерінің бірі Лесь Оробец, журналист және Еуромайдан белсендісі Игорь Луценко бар.

«Дін өкілдері мен зиялы қауым арасында кездесу өтті»

Дата: сегодня в 19:12

Дін өкілдері мен зиялы қауым арасында кездесу өттіАлматы. 23 сәуір. BAQ.KZ – Бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында дін өкілдерінің «Дін бірлігі – ұлт тұтастығының кепілі» атты зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы М.Әзілхановтың және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған дін өкілдері Қабдеш Жұмаділов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Серік Қирабаев, Сұлтан Сартаев, Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезов, Дидахмет Әшімханұлы, Марфуға Айтхожина, Дулат Исабеков, Уәлихан Қалижан, Қансейіт Әбдезұлы, Темірхан Медетбек, Ермек Аманшаев, Сатыбалды Нарымбетов, Мереке Құлкенов қатарлы әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінен құралған зиялы қауыммен кездесті.Кездесу зиялы қауымға мемлекетіміздің дін саясаты және еліміздегі діни ахуалға және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнаманың жүзеге асырылуы жайында кеңінен түсінік беру мақсатымен ұйымдастырылды.

«Алматыда бір түн әуежайда түнеуге мәжбүр болған 180 турист Түркияға ұшып кетті»

Дата: сегодня в 19:03

Алматыда бір түн әуежайда түнеуге мәжбүр болған 180 турист Түркияға ұшып кеттіАлматыда бір тәулік әуежайда түнеуге мәжбүр болған 180 турист бүгін таңғы 7-де Түркияға ұшып кетті. Бұл туралы Алматы қалалық әуежайының баспасөз қызметінің маманы Мырзанов Дәурен айтты.Жолаушылардың барлығы "Гульнар-Тур" туристік фирмасынан Антальяға туристік жолдама алған. Олар күткен ұшақ 1 тәулік бойы келмеген соң, жолаушылар баспанасы барлары үйді-үйіне тарап, жоқтары әуежайда түнеуге мәжбүр болған.

«Аймақтық БАҚ өкілдеріне семинар өтеді»

Дата: сегодня в 18:42

Аймақтық БАҚ өкілдеріне семинар өтедіАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Ертең, 24 сәуір күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының баспа БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтеді. «Баспа өнімдерін Интернет желісінде таратуға бейімдеу және жеке Интернет – контентті алға жылжыту» тақырыбында өтетін шараны "Қазконтент" АҚ ұйымдастырып отыр.

«Ендігі мақсат ҚХА-ның аймақтағы жұмысын жандандыру – А. Башмаков»

Дата: сегодня в 18:42

Ендігі мақсат ҚХА-ның аймақтағы жұмысын жандандыру – А. БашмаковАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. - Төраға орынбасары болып тағайындалған соң, маған жүктелiп отырған жауапкершiлiктiң зор екендiгiн сезiнемiн.

«7 мамыр күні Астанадағы шеруде 70-тен астам әскери ұшақ ұшырылады»

Дата: сегодня в 18:33

7 мамыр күні Астанадағы шеруде 70-тен астам әскери ұшақ ұшырыладыАстана қаласында биылғы 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында Қазақстанның Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді.Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.Авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н.Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылды.

«БҚО-да соғыс ардагерінің медалі ұрланды»

Дата: сегодня в 18:13

БҚО-да соғыс ардагерінің медалі ұрландыБатыс Қазақстан облысының полицейлері соғыс ардагерінің медалін ұрлап кеткен ұрлықшының кім екенін анықтады, деп хабарлайды BNews.kz БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Департаменттің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, сәуір айында Теректі ауданы Подстепное ауылының 87 жастағы тұрғыны Н.В.Думчевтен арыз келіп түскен.

«Алдағы жылдың ҚХА жұмыс жоспары қызу талқылануда»

Дата: сегодня в 18:12

Алдағы жылдың ҚХА жұмыс жоспары қызу талқыланудаАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. - Өткен жұма күні ғана Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланғанын хабарлаған болатын.

«Австралия жағалауынан ұшақ қалдықтарына ұқсас заттар табылды»

Дата: сегодня в 18:02

Австралия жағалауынан ұшақ қалдықтарына ұқсас заттар табылдыАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Австралия жағалауында ұшақ бөлшектеріне ұқсас белгісіз заттар табылды. Мамандардың айтуынша, ол осыдан 7 апта бұрын із-түссіз жоғалған малайзиялық Боингтың сынықтары болуы мүмкін. Перт қаласының іздестіруді үйлестіру орталығы хабарлағандай, белгісіз заттар Батыс Австралия штатының Огаста елдімекенінен 10 шақырым қашықтыққа жүзіп келген.

«Назарбаевтың қатысуымен "ЭКСПО-2017" көрме кешенінің капсуласы салынбақ»

Дата: сегодня в 17:33

Назарбаевтың қатысуымен \"ЭКСПО-2017\" көрме кешенінің капсуласы салынбақЕртең Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің капсуласы салынады.Шара "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің құрылысына дайындықты бастау ретінде өте маңызды, деп "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ресми порталында хабарлады, деп жазады strategy2050.kz сайтында.Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Мемлекет басшысына "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысы бойынша жұмыс кестесін ұсынды.

«Алматы облысында көлік апатынан 2 адам ажал құшты»

Дата: сегодня в 17:23

Алматы облысында "Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолында болған жол көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақаттанды.Фото: kns59.ruПолиция қызметкерлерінің алдын ала болжамдарына қарағанда, қайғылы оқиғаға жолдың қарсы жолағына шығып кетіп екі "Тойота" көлігінің соқтығысуына себеп болған "Мерседес" көлігінің 19 жастағы жүргізушісі кінәлі.

«Қазақстан халқының достығы фестиваліне 19 ұлыс орталығы қатысады»

Дата: сегодня в 17:22

Қазақстан халқының достығы фестиваліне 19 ұлыс орталығы қатысадыАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Астанада 25-26 сәуірде М.Горький атындағы орыс академиялық драма театрында Қазақстан халқының достығына арналған «Біз-біртұтас халықпыз!» XV қалалық фестивалі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына шараны ұйымдастырушылар хабарлады. Шараға 19 этномәдени бірлестік қатысады. 25 сәуірде театр сахнасында «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ, «Ноғай мәдени орталығы» ҚБ, Қазақстан ұйғырлары РМО филиалы, «Хазар» Әзербайжан ҚБ, «Барбанг» ҚР күрдтер қауымдастығы» РҚБ филиалы, «Қырғызстан-Астана» ҚБ, «Астана қаласының Өзбек ЭМО» ҚБ, «Беларусь» ҚБ, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Алеф» еврейлердің мәдени-ағарту қоғамдық-саяси қоғамы, «Злата» болгар мәдени орталығы» ҚБ, ал 26 сәуірде «Ватра» украин қоғамы, «Поляктар» ҚБ, "Радима" Белорусь мәдени орталығы, «Ван» армян қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Возрождение» неміс қоғамы, Корея мәдениет орталығы, Дала казактары одағы Алматы аудандық филиалы өнер көрсетеді.

«Қазақстан Ассамблея арқылы кіші БҰҰ-на айналды, - Ералы Тоғжанов»

Дата: сегодня в 17:22

Қазақстан Ассамблея арқылы кіші БҰҰ-на айналды, - Ералы ТоғжановАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун біздің елімізге сапарлай келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен жақын танысып, жасалып жатқан шаруаларды өз көзімен көріп, байтақ даламызда айрандай ұйып отырған сан түрлі ұлттардың өкілдерімен тілдесе келе Қазақстанның мұндай шараларына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірген болатын. Өз кезегінде БҰҰ-ның байырғы Бас хатшысы Кофи Аннан да Елбасымыздың жүргізіп отырған мұндай саясатын жоғары бағалай отырып:- Қазақ елі өз жерінде Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, ұлттар арасында теңдік пен бірлікті дәріптеп, ұлтаралық татулықты сақтап, дамытуда өзге елдерге үлгі боларлықтай іс көрсетуде. Қазақстан осындай игі қадамымен кіші Біріккен Ұлттар Ұйымына айналып отыр, - дегенпікір білдірген болатын. Әлем аузына қараған ірі саяси тұлғалардың өзінен осындай бағасын алған ҚХА атқарар шаруасы аз емес.

«Лавров: Егер бізге шабуыл жасалса, әрине, жауап қайтарамыз»

Дата: сегодня в 17:13

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өз елі егер орыс азаматтарының мүддесіне қауіп төнсе, 2008 жылы Оңтүстік Осетияда жасалғандай жауап шараларын қолданатынын мәлімдеді. Сергей Лавров. Фото РИА Новости"Егер бізге шабуыл жасалса, әрине, оған жауап қайтарамыз. Егер біздің заңды мүдделеріміз, орыстардың мүдделеріне шабуыл жасалса, мысалы, Оңтүстік Осетиядағыдай болса, мен оған халықаралық заңдарға сай жауап беруден өзге жол көріп тұрған жоқпын", - деді Лавров 23 сәуірде Ресей мемлекеттік RT телеарнасына берген сұхбатында.2008 жылы тамызда Ресей әскері Оңтүстік Осетияға басып кіріп, оның соңы Грузия-Ресей қарулы қақтығысына ұласқан еді.

«ОҚО-да кенеге қарсы дәрі де, хауыз да тапшы»

Дата: сегодня в 17:12

ОҚО-да кенеге қарсы дәрі де, хауыз да тапшыАстана. 23 сәуір. Baq.kz – ОҚО-да қырым қанды қызбасының алдын алып, кенемен күресуге дәрі жоқ. Қазірдің өзінде облыс бойынша 300-ден астам азаматты кене шаққан. Ал, төрт түлік малды дәрілеу шараларын сәуір айынан бастауды белгілеп қойған жергілікті билік тек қағаздағы қаулыны ғана көрсетіп келеді.

«Медиациясы дамыған ел Қазақстан болуы керек – Д.Көшім»

Дата: сегодня в 17:12

Медиациясы дамыған ел Қазақстан болуы керек – Д.КөшімАстана. 23 сәуір. BAQ.KZ – «Медиациясы дамыған ел Қазақстан болуы керек». Бүгін Астанада өткен «Медиация – даулер мен қақтығыстарды соттан тыс шешудің құралы: бүгіні мен болшағы» атты баспасөз мәжілісінде қоғам қайраткері Досмахамбет Көшім осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Өкінішке қарай, біздің медиаторлар қоғамда көріне алмай жүр. Қазіргі кезде билер үкім шығарғпн деп қараймыз.

«Астанада алимент төлеуден қашқан әке 5 тәулікке қамалды»

Дата: сегодня в 16:53

Астанада Ж.Кемалованың арызы негізінде С.Кемаловтан кәмелеттік жасқа толмаған қызын асырауға алимент төлемдерін өндіру туралы сот актілерінің орындалуының заңдылығына тексеріс жүргізілді.Фото: tuvest.ruБұл туралы Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасынан хабарланды. Тексеріс барысында, борышкердің 2011-2013 жылдар бойы тұрақты еңбекақы төлейтін жұмыс орны бола тұра, алименттік төлемдерін аудармағандығы анықталды.

«Алексей Полторанин Қазақстан азаматтығын ауыстырғысы келетінін айтты»

Дата: сегодня в 16:13

Алексей Полторанин Қазақстан азаматтығын ауыстырғысы келетінін айттыАлексей Полторанин Қазақстан азаматтығын ауыстыруы мүмкін. Себебі спортшы мен Ұлттық шаңғы спорты федерациясы арасында түсініспеушіліктер тууда.Бұл жөнінде шаңғышының өзі тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Әсіресе, қазақстандық спортшы бас бапкер Александр Биткиннің жұмыс барысын қатты сынға алған.

«Медиацияға арналған кітап тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді»

Дата: сегодня в 16:02

Медиацияға арналған кітап тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрдіАстана. 23 сәуір. BAQ.KZ – Екі жақты даулы мәселелерді реттеудің баламасы болған бітімгершілік жайлы қазақ тілінде жазылған «Медиация негіздеріне кіріспе» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Медиация – дау-дамайда адамдарды татуластыратын, олардың өзара ортақ шешімге келуіне көмектесетін қызмет деп түсіндіреді мамандар.

«Ақтөбеде итті тепкен Түркия азаматы үш жылға сотталды»

Дата: сегодня в 15:43

Ақтөбеде итті тепкен Түркия азаматы үш жылға сотталдыАқтөбеде Түркия елінің азаматы үш жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды BNews.kz.Алкогольді ішімдік ішіп алған 29 жастағы Огул Юсуп өзіне қарай үрген итті аяғымен теуіп жібереді. Мұны көрген ит иесі көршісіне жұдырығын ала жүгірген. Жанжал кезінде түрік жігіті қалтасындағы пышақты алып бірнеше мәрте жергілікті тұрғынға сұғып алыпты.

«Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесінде қызмет жеткізушілерінің санын көбейгенін хабарлайды»

Дата: сегодня в 15:22

Баспасөз хабарламасы. 23 сәуір 2014 жыл. 2014 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-Банкинг қызметін пайдаланатын тұлғалардың саны 2013 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 24% көбейді. Банк мамандары бірнеше факторларға байланысты 2014 жылы клиенттік базаның өсуі және банк қызметінің танымалдығы күтілуде екенін, оның ішінде клиенттерге Банктегі өз шоттарын қашықтықтан басқаруға рұқсат беретін жаңа қызметтерді жетілдіретінін және енгізетінін белгілейді.

«Астанада мектеп оқушысының қалтасындағы ұялы телефон өртенді»

Дата: сегодня в 15:12

Астанада мектеп оқушысының қалтасындағы ұялы телефон өртендіАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Астаналық оқушы қыздың қалтасында болған «Samsung Galaxy S2» маркалы ұялы телефон кенеттен өртеніп, салдарынан жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты. Жетінші сыныпта оқитын Ариана Айтжанның айтуынша, телефон өртенбестен бұрын атылған көрінеді. "Оқиға дүйсенбі күні кешкі 18.30-дар шамасында орын алды. Қызым аулада ойнап жүрген.

«БЭК Қазақстанға алыс шетелден комбайн әкелуге квота бекітті»

Дата: сегодня в 15:12

БЭК Қазақстанға алыс шетелден комбайн әкелуге квота бекіттіАСТАНА. 23 сәуір. Baq.kz - Бірыңғай экономикалық комиссия алқасының шешімімен Қазақстанға алыс шетелден комбайн әкелуге квота бекітілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР АШМ-нің департамент директорының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов мәлім етті. «Өздеріңіз білетіндей, БЭК шешімімен 2013 жылы Кеден одағы аумағына алыс шетелдерден комбайн әкелуге импорттық квота енгізілді. Қазақстан үшін импорттық квота 300 бірлік көлемінде бекітілді.

«Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрады»

Дата: сегодня в 15:02

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрадыАстана. 23 сәуір. Baq.kz - Бүгін Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Бақытжан Ертаев жасаған қосымша баяндамасында бұл әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрудың құрама бөлігі болып табылатынын мәлімдеді.Тараптардың уәкілетті органдары бейбіт уақытта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша олардың жауынгерлік кезекшілігін және өзара іс-қимылын ұйымдастырады.Соғыс қатері өрістеген кезеңде және соғыс уақытында өздерінің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен өз әскерлері (күштері) мен құралдарын қолдану туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

«Ақтөбе облысында мешіттің бас имамы жерлесін күрекпен ұрып өлтірді»

Дата: сегодня в 14:43

Ақтөбе облысында мешіттің бас имамы жерлесін күрекпен ұрып өлтірдіАқтөбе облысында мешіттің бұрынғы бас имамы жергікті тұрғынды күрекпен ұрып өлтірді, деп хабарлайды bnews.kz.Арақ ішкен күні 34 жастағы Ернұр Атыраубаев Ойылдағы Көкжар мешітінің бұрынғы имамына жиі тиісіп, мазасын алатын көрінеді. Ақыры шыдамы таусылған дін өкілі Алтынбек Кәкиев жақын туысы болып келетін оны күрек сабымен бірнеше рет ұрған.

«Бразилияда футбол чемпионатының өткізілуіне қарсы тұрғындар 35 автобусты өртеп жіберді»

Дата: сегодня в 14:23

Бразилияда футбол чемпионатының өткізілуіне қарсы тұрғындар 35 автобусты өртеп жібердіБразилияның Сан-Паулу қаласында бұзақылар 35 автобусты өртеп жіберді. Оның 23-нің түгі қалмай жанып кетті. Тергеушілер, бұл ұйымдасқан топтың әрекеті дейді.Қоғамдық көліктер қаланың бірнеше ауданында бір мезетте өртенген. Полицейлердің айтуынша, тәртіпсіздіктерге есірткі саудагерінің өлімі себеп болған.Алайда билік бұл кедей аудандар тұрғындарының футболдан өтетін әлем чемпионатына қарсылығы деген пікірде. Өйткені мұндай тәртіпсіздіктер жиілеп кеткен.

«Министрлік: Балқаш - АЭС салуға ең қолайлы жер»

Дата: сегодня в 14:13

Министрлік: Балқаш - АЭС салуға ең қолайлы жерҚазақстанда атом электр станциясын салуға ең ыңғайлы орын Балқаш көліне жақын Үлкен ауылының маңы болып отыр.Бұл туралы бүгін индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов мәлімдеді."Қазақстан-МАГАТЭ: Атом энергетикасы инфрақұрылымының дамуы" атты семинарда сөйлеген Шәріпов бұған дейін АЭС-ті Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы мен Ақтау қаласы маңдарында салу мүмкіндіктері қарастырылғанын да айтты.Балқаш көлі жанындағы Үлкен ауылы электр қуаты тапшы аймақта орналасқандықтан және мұнда станцияның электр қуатын тарататын дамыған желілері болғандықтан АЭС салуға ең қолайлы жер деп саналады.Шәріповтің айтуынша, АЭС салатын орынды таңдағанда тек аймақтың энергетикалық балансы ғана емес, оған қоса электр қуатын тасымалдау мүмкіндіктері және басқа да факторлар назарға алынған.

«Б.Байбек "Аңыз адам" журналына қатысты пікірін білдірді»

Дата: сегодня в 14:12

Б.Байбек \"Аңыз адам\" журналына қатысты пікірін білдірдіАстана. 23 сәуір. Baq.kz – Қазақ тілінде дубляждалған «Жаңа Өрмекші адам» фильмінің алдын ала көрсетілімі кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Литер» газетінің тілшісіне «Аңыз адам» журналы айналасында қалыптасқан жағдайға орай өз пікірін білдірді. – Бұл жағдайда әсіре эмоциядан тартынып, қызуқандылыққа берілмеген жөн.

«Депутат қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсынды»

Дата: сегодня в 13:43

Депутат қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсындыҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында депутат Алдан Смайыл қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz."Осы арақ-шараптың орнына бiз ұлттық тағамдарымызды, қымыз бен шұбатты көбейтейiк. Ол да қаперiне келмедi ешкiмнiң. Жамбыл, Алматы облысындағы қымыз өндiрушiлер осы мәселенi көтерiп, халықаралық деңгейде конференция өткiздi.

Показано 30 новостей из 1000
       
О ПРОЕКТЕ | РЕКЛАМА НА САЙТЕ | ПИСЬМО В РЕДАКЦИЮ | ИСТОЧНИКИ НОВОСТЕЙ | ПРЕДЛОЖИТЬ ЛЕНТУ

Сейчас в базе агрегатора 1 959 018 новостей из 189-и лент