Internets Green
  

Новости ленты Егемен Қазақстан газеті

«Ел тарихы тартқан тауқымет»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Ел тарихы тартқан тауқымет. Маркстік ілімге «ревизия» жасаушылардың тағы бір өкілі − КСРО ҒА корреспондент-мүшесі А.И.Яковлев. Сталиндік сыйлықтар комитетінде ол «Қазақ КСР тарихы» туралы кереғар ой айтумен қоса Лениннің жұртқа мәлім «Патшалы Ресей − халықтар түрмесі» деген теңеуін қате тұжырым деуден қымсынған жоқ.

«Атажұртқа салт атпен жетті»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Атажұртқа салт атпен жетті. Атажұртқа аңсары ауған қандастарымыздың әлемнің әр түкпірінен елімізге сапарлап келуі жиіледі. Будапешт пен Астана қаласы ара­лығына салт атпен сапарға шыққан мажарлар жа­қында Ақтөбеге келді. Саяхатшыларды ақтө­беліктер ән-жырмен, нан-тұзбен, ыстық ықы­ласпен қарсы алды. Құрамы үш адамнан тұратын «Тарихи салт атты жорық» атты экспедиция Будапешт қаласынан басталған сапарға 2 наурызда шығыпты.

«Бала асырап алуға байқап баратын болды»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Бала асырап алуға байқап баратын болды Қазақ ежелден жетімін жылатпаған. Тәуелсіз елімізде де бұл мәселе назардан тыс қалып отырған жоқ. Жетім балалар, олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тірі жетімдер де бар, арнайы мекемелерде тәрбиелену­де. Қазіргі олардың саны 37 мыңға жуықтайды.

««Достық керуені»: Астанада кездескенше!..»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 «Достық керуені»: Астанада кездескенше!.. Өңірімізге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчук, жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері: Лео Шин, Еркінбек Аязбаев бастаған «Дос­тық керуені» тобының мүшелері келіп, облыс орталығындағы «Достық үйінде» кездесу өткізді.

«Поэзия және балет»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Поэзия және балет. Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Отаным – бақытым менің» атты ақпараттық-идеологиялық жобасы жайында Сапардың негізгі мақсаты – Елба­сының халыққа Жолдауын, өнер мен әдебиетті, жалпы мәдени мұраларды насихаттау. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде алдымен елдің материалдық жағдайын жақсарталық деп эконо­ми­каға көңіл көбірек бөлініп, өнер ұжым­дарының елге шығуы сирексіп, оған қаржы тапшылығы қолбайлау болғанын бәріміз де сезіп, біліп жүр­ген­біз. Әсіресе, елге еркелегіш ақын-жазушылардың да тұншыққан лебі ішінде еді.

«Индустрия қарашаңырағының қайралған қайраты»

Дата: сегодня в 17:04

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Индустрия қарашаңырағының қайралған қайраты. Бір жылда 33 жоба іске қосылды Халық « Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» дейді. Ол бүгінде еске жиі оралар, жиі ауызға түсер сөз. Жалындаған шағындағы еліміздің жасампаз істерді, жаңа жобаларды жарқыратып, жаңғыртқан таудай талпынысы алыстағы шыңдардың бірін арқалап әкеліп, туған өлкесіне нұр құйдыра келген әйгілі аңыздағы Толағайдай бейнелі өрлікті елестетеді.

«Ардагерлерге – пәтер»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Ардагерлерге – пәтер Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев Ұлы Жеңіс мерекесіне орай қан майданда келешек ұрпақтың ба­қы­ты үшін жастық жігері мен күш-қуатын жұмсаған соғыс ардагерлеріне құрмет көр­сет­ті. Атап айтқанда, сұра­пыл со­ғыс­та ерлікпен шай­қа­сқан Қ.Нұр­бикенов пен Г.Ники­фо­ровқа екі және бір бөлмелі пәтердің кілтін тап­сырды.

«Олланд қатаң үнемдеуге қарсы»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Олланд қатаң үнемдеуге қарсы. Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд ГФР канцлері Ангела Меркельмен Берлинде өткен кездесуінде өз елінің Германиямен қарым-қатынасты нығайта бере­тінін мәлімдеді. Бірлескен баспасөз мәслихатында Франсуа Олланд екі ел арасындағы байланыстар теңдестірілген және құрметке негізделген болуы тиіс деп атап көрсеткен.

«Атқарушы билік және құқық саясаты»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Атқарушы билік және құқық саясаты. Тұңғыш рет өтіп тұрған Заңгерлер съезі заңгерлер үшін жағымды жа­ңалық болып отыр және үлкен жауап­кершілік те жүктейді. Әрине, еліміздің құқықтық дамуы үшін заңдардың әрдайым уақыт талабына қарай жетілдіріліп отырғаны мақұл. Демек, бұл съезд заңнаманы жетілдірілуге және адамдар құқығының қорғалуына, заңдардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосады.

«Құқықтық мемлекет өркендеуінің алғышарты»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Құқықтық мемлекет өркендеуінің алғышарты. Еліміз егемендігін алған 20 жылдың ішінде дүние жүзіне демократиялық, әлеуметтік, құ­қықтық мемлекет ретінде та­нылғаны, сонымен бірге, Қа­зақ­стан Бірікен Ұлттар Ұйы­­мы­нан бастап, көптеген бе­делді ха­лықаралық одақ­­тар­дың тең мү­шесі болып табылатыны бар­шаға аян. Қазақстан барлық мемлекеттермен тере­зесі тең ел бола отырып, көп­теген жұрт таныған халық­аралық шарттарды ратификациялады.

«Ортақ мақсат бірлескен іс-қимылдарды қалайды»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Ортақ мақсат бірлескен іс-қимылдарды қалайды. Кеше Тәуелсіздік сарайында тұңғыш рет республикалық заңгерлер съезі өтті. Оған Президент Әкімшілігі өкілдері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, холдингтер, жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – заңдылықтың пәрменін арттырып, оның қызмет ету тетіктерін күшейту болып табылады.

«Таза бұлаққа оралу»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Таза бұлаққа оралу. 112 жылдан соң ата ізімен Меккеге барған немере мен шөбере туралы сөз Мұсылмандықтың бес парызының бірі – қажылыққа мүмкіндігі жеткен кісілер барып жатыр. Ол қазір жұртшылық үшін елең еткізерліктей емес, үйреншікті көрініске айналды. Шариғаттың жолы бойынша үлкен қажылық және кіші қажылық (умра қажылық) орындалады.

«Мәтінге ерекше мән берілуі тиіс»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Мәтінге ерекше мән берілуі тиіс. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Бұл жолы депутаттар күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қараса, соның екеуі халықаралық келісімдерді ратификациялауға арналды.

«Бұл – маңызы зор бастама»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Бұл – маңызы зор бастама. Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Мәми айтқандай, «Қазақ­стан мен АҚШ-ты өзара іс-қимылдың ауқымды салаларын қамтитын стратегиялық әріп­тес­тік байланыстырады».

«Бұл не бейжайлық?»

Дата: сегодня в 17:03

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Бұл не бейжайлық? Бірер күн бұрын редакция тап­сырмасына байланысты өл­ке­ге ашаршылық жылдары әкелген зұлматтар жайлы ақпар-мәлі­мет­тер, естелік-сырлар, зерттеулер жи­нақталған бір орын болса, об­лыстық тарихи-өлкетану мұра­жайы болар деген оймен соған бара қалған едік. Екі қабатты сыңғырлаған ғимараттың асты-үстін асықпай араладық.

«Достастық әлеуеті әлі де жоғары»

Дата: сегодня в 17:02

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 Достастық әлеуеті әлі де жоғары. Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер мемлекет басшыларының бейресми саммиті болып өтті. Онда ТМД аясындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары талқыланды.Мұндай ұстаным ТМД-ға қатысушы елдер мемлекет басшыларының бейресми кездесуі кезінде айқын аңғарылды Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сейсенбі күні кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде ҰҚШҰ сессиясы аяқталған соң Ресей Федерациясының жаңадан сайланған Президенті Владимир Путинмен кездесіп, келіссөз жүргізді.

««Нұр Отан» – қоғамдық үдерістердің қозғаушы күші»

Дата: сегодня в 17:02

Бейсенбі, 17 мамыр, 2012 «Нұр Отан» – қоғамдық үдерістердің қозғаушы күші Қайрат Жаңабергеновтің «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. 14 ақпан күні оны партия активіне таныстыра отырып, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Қайрат ЖАҢАБЕРГЕНОВ өсіп-өркендеп келе жатқан қаламыздың барлық мәселелерімен таныс, оларды шешуге тікелей қатысқан тәжірибесі бар, Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының негізгі бағыттарын бізбен бірге жүзеге асыратын болады» деп атап өткен болатын. – Төраға орынбасарлығына тағайындалған аз ғана уақытта не тындырдым дей аласыз? – Партиядағы жұмыс әрқашанда қызу екенін білесіздер.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1739»

Дата: 07.02.2012 в 10:02

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1739. 2011 жылғы 31 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралыТолық мәтіні

«Жаңаөзенде туған жыр»

Дата: 07.02.2012 в 08:52

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Жаңаөзенде туған жыр. 15 қаңтар күні «Нұр Отан» пар­тия­сының атынан байқаушы ретінде ха­лық­аралық бай­қаушылармен бірге Жаңа­өзен­дегі сайлауға қатысып, 28 сайлау учаскесін ара­ла­дық. Мұнай­шылармен, жергілікті ха­лықпен, оралмандар қоныс тепкен Батыр ауылының тұр­ғындарымен кездестік.

«Өркенді істер өрісі кең»

Дата: 07.02.2012 в 08:52

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Өркенді істер өрісі кең Өткен жылы облыстағы 224 ауылда дәріханалар ашылды. Бұл күндері елімізде қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру да жақсы нәтижелерін көрсетуде. Ауруханаларға заманауи құрал-жабдықтар мен санитарлық көліктер сатып алынды. Ауылдық жерлердегі медициналық қызметті жақсарту үшін жылжымалы кешендер жұмыс істейді.

«Кеден одағында илектеу орнақтарына арналған болаттан құйылған біліктерді өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы шешім»

Дата: 07.02.2012 в 08:52

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Кеден одағында илектеу орнақтарына арналған болаттан құйылған біліктерді өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы шешім. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясы № 904 2011 жылғы 9 желтоқсан, Мәскеу қаласы Кеден одағында илектеу орнақтарына арналған болаттан құйылған біліктерді өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы шешім 2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімге сәйкес Кеден одағы комиссиясы шешті: 1.

«Ауыл өнімі рынокқа қалай жол таппақ?»

Дата: 07.02.2012 в 08:42

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Ауыл өнімі рынокқа қалай жол таппақ? Осы маңызды мәселе туралы белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы Санат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ ой өрбітеді.– Құрметті Санат Ғарифол­ла­ұлы, жақындағы Елбасы Жол­дауында ауыл шаруашы­лы­ғын дамыту басты он мін­деттің қатарына кіргені белгі­лі.

«Мемлекет дамуының бағытын белгілеген құжат»

Дата: 07.02.2012 в 08:42

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Мемлекет дамуының бағытын белгілеген құжат. Парламент палаталарының бір­лескен отырысында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың жария еткен кезекті Жолдауын республика тұрғындары отандық телеарналар арқылы тікелей эфирден көріп, кейін баспасөзден оқып, әр адам ел дамуына қажетті басым­дық­тармен танысты, осы бағыт­та­ғы оң үдерістер туралы естіді. Қазақстан тәуелсіздіктің үшін­ші онжылдығына батыл қадам бас­қан тұста, жаңа құрам­дағы Парламент пен жаңарған Үкі­метке үлкен сенім жүктеліп отыр.

«Шенеуніктер «Шевролет» пен «Шкода» міне бастады»

Дата: 07.02.2012 в 08:42

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Шенеуніктер «Шевролет» пен «Шкода» міне бастады. Облыс пен аудан бюджеттері арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бас­шылары қызмет көлігі үшін Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді пайдалана бас­тады. Мысалы, облыс әкімі Қ.Бо­зымбаевтың тапсырмасы бой­ын­ша жергілікті басшылар өт­кен 2010-2011 жылдары «Азия Авто» АҚ кәсіпорны шығарған «Chevrolet», «Skoda», «KIA» және «ВАЗ» автокөліктерін са­тып алған.

«Жаңғырту жолдауы»

Дата: 07.02.2012 в 08:32

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Жаңғырту жолдауы. Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет.Н.Ә.Назарбаев (Қазақстан халқына Жолдауынан). Кемел болашақ кепілі – жастар Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамуына арналған бірқатар міндеттерді белгілеп берді.

«Міндеттер талқыланды»

Дата: 07.02.2012 в 08:22

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Міндеттер талқыланды. 2012 жылғы 3 ақпанда Президент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орынбасары Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста 2012 жылғы 27 қаңтардағы Мемлекет басшы­сының Қазақстан халқына Жолдауын орындау жөнін­дегі Жоғары Сот Кеңесінің алдында тұрған міндеттер талқы­лан­ды, Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары межеленді, осыған байланысты Кеңестің Жұмыс жоспарына тиісті түзетулер енгізілді, Республикалық судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының 2011 жылғы Сот жюриінің және Судья этикасы комиссия­сы­ның жұмысы қорытындылары туралы ақпараты тыңдалды, Жоғарғы Соттың республиканың кейбір аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штат санын оңтай­лан­дыру жөніндегі ұсыныстары қаралды.

«Көліктегі қауіпсіздік – маңызды мәселе»

Дата: 07.02.2012 в 08:22

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Көліктегі қауіпсіздік – маңызды мәселе. Бас прокуратура құқық қорғау функциясын күшейтуді, көліктің барлық түр­леріндегі қауіпсіздікті, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар мен көлік қызметін пайдалану­шы­лар­дың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауды қамтамасыз етуді басты ба­сымдық ретінде белгілеп берген болатын.

«Білікті маман – іс шешімі»

Дата: 07.02.2012 в 08:22

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Білікті маман – іс шешімі Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президент Н.Назарбаев Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы кешенді бағ­дарлама әзір­леуді тапсырды. Елімізде сыбайлас жем­қор­лықпен күресті мамандандырылған мемлекет­тік орган Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді.

«Балаларымыз неге бабаларымызға ұқсағысы келмейді?»

Дата: 07.02.2012 в 08:22

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Балаларымыз неге бабаларымызға ұқсағысы келмейді? Таңертеңгілік үйден шығып бара жатсам, аулада екі бала ерегесіп тұр. Біреуі мектепке биыл бар­ған көршінің баласы. Қастарына барып ара­да­ғы кикілжіңнің жайын сұрадым. Қызықты қара­ңыз, сөйтсем, төбелестің мән-жайы былай болған.

«Шығыстан шыққан шынар»

Дата: 07.02.2012 в 08:22

Сейсенбі, 7 Ақпан, 2012 Шығыстан шыққан шынар Өткен жылдың соңғы шире­гінде Шемонайха ауданындағы Выдериха ауылында болғанбыз. Алтай тауы сілемдерінің етегіндегі бұл ауыл­д­ың табиғаты көркем, тарихы бай. Соның айғағындай, Вы­де­­ри­ханың іргетасының қалан­ға­ны­на екі жарым ғасырға жуық­тап қалса, мұндағы алғашқы білім ор­да­сының ашылғанына 120 жылдан астам уақыт өтіпті.

Показано 30 новостей из 1000
Архив новостей ленты
   
    Rambler's Top100
   
О ПРОЕКТЕ | РЕКЛАМА НА САЙТЕ | ПИСЬМО В РЕДАКЦИЮ | ИСТОЧНИКИ НОВОСТЕЙ | ПРЕДЛОЖИТЬ ЛЕНТУ

Сейчас в базе агрегатора около 1 000 000 новостей из 74 лент