Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Соңғы жаңалықтар қазақша

Дін қызметкері «құдайға» қоңырау шалды

Источник: ZhambylNews Дата: сегодня в 19:32

Зимбабвелік пастор Пол Саньянгор діни рәсімді орындау барысында жиналған қауымның көзінше «құдайға» қоңырау шалды, деп хабарлайды qasym.kz.— Алло, бұл аспан ба? Аспанба бұл? Мұнда, менің қасымда бір әйел отыр, ол туралы не айта аласыздар?, – деп сұрады ол. Артынша өзінің алдында тізерлеп отырған әйелдің өміріне қатысты деректерді жайып салды.Кейін жергілікті БАҚ өкілдерімен болған сұхбатта пастор Пол Саньянгор өзінде «құдайдың» жеке нөмері барын жеткізген.

Нағыз гаремнің қандай екенін көрген халық таңданысын жасырмады (ФОТО)

Источник: ZhambylNews Дата: сегодня в 17:32

Нағыз гаремнің қандай екенін көрген халық таңданысын жасырмады (ФОТО)Көптеген адамдар араб мәдениетін «Мың бір түн» ертегісі мен фильмдер арқылы біледі. Онда бұрынғы патшалардың гареміндегі әйелдер, сұңғақ бойлы, қыпша бел, алмай мойын сұлу қыздар көрсетіледі.Шын мәнісінде гаремнің қандай екенін көрген адамның ойындағы әдемі көріністің барлығы бір сәтте жоқ болатыны анық, деп хабарлайды qamshy.kz.

Діншіл кісі автобуста қысқа шортик киген қызды ұрып тастады (ВИДЕО)

Источник: ZhambylNews Дата: вчера в 20:52

Діншіл кісі автобуста қысқа шортик киген қызды ұрып тастады (ВИДЕО)Стамбұлда ер адам қоғамдық көлік ішінде қысқа шортик киген 21 жастағы студент қызды ұрып жіберді, деп хабарлайды 365info.kz. Алдымен ер адам жас қызға «Қасиетті Рамазан айында мұндай киіммен жүруге бола ма, неге ұялмайсың», деп тиіскен.Сосын ер адам автобустан шығып бара жатқанда қызды ұрып кетіпті.

В Павлодаре начался отборочный тур мега-проекта «Мен — қазақпын»

Источник: Zakon.kz Дата: вчера в 17:09

Сегодня на нижней Набережной Павлодара театрализованным представлением стартовал отборочный тур музыкального мега-проекта «Мен — қазақпын», среди исполнителей казахской народной музыки, передает корреспондент pavlodarnews.kz. Членов жюри и конкурсантов приветствовали хореографический ансамбль «Нұр» и оркестр казахских народных инструментов им.

АҚТӨБЕДЕ ЖАС КЕЛІНШЕКТІ ҮШ КҮЙЕУІ ТАЛАҚ ЕТТІ

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 11:33

АҚТӨБЕДЕ ЖАС КЕЛІНШЕКТІ ҮШ КҮЙЕУІ ТАЛАҚ ЕТТІАқтөбелік теологтар үш бірдей күйеуі талақ айтып, ажырасқан жас келіншектің қиын тағдыры туралы шағын фильм түсірді. Бейнеролик жақында жарық көрмек, деп хабарлайды kerek-info.kz.Бар-жоғы 18 минутқа созылатын шағын фильмде адасқан келіншек өзінің баянсыз некесі туралы айтып береді. Салафизм бағытын ұстанатын үш күйеуі де оны талақ айтып, тастап кеткен.

«ҚАЗАҚТАР ОРЫС ЕМЕС ПЕ?...». ДИМАШТЫ АЛҒАШ КӨРГЕН КӘРІС ЖІГІТІ ТӘҢ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 11:03

«ҚАЗАҚТАР ОРЫС ЕМЕС ПЕ?...». ДИМАШТЫ АЛҒАШ КӨРГЕН КӘРІС ЖІГІТІ ТӘҢ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)Қытайдағы Singer-2017 ән байқауы аяқталғанына біраз болғанына қарамастан онда өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндер әлеуметтік желіде әлі талқыланып жатыр.Байқаудың І-турында-ақ көрермендерінің аузын аштырып, таңдайын қақтырған Димаштың орындауындағы француз әніне баға беру әлі жалғасуда.

ҚАЙ ҰЛТ БАЛАСЫН ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕЙДІ?

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 10:13

ҚАЙ ҰЛТ БАЛАСЫН ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕЙДІ?Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.Жапонияның балалары.

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ ҚАНША СЫЙАҚЫ АЛАТЫН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 10:03

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ ҚАНША СЫЙАҚЫ АЛАТЫН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ«Қазақстан барысы» жарысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қанша сыйақы табысталатыны анықталды, деп хабарлайды Вести.кз.Қазақ күресінен басты додадағы сыйақы мөлшері: Әр белдесудегі жеңіс үшін — 100 000 теңге; 3-ші орын — 1 800 000 теңге; Бапкеріне — 900 000 теңге; 2-ші орын — 5 500 000 теңге; Бапкеріне — 1 800 000 теңге; 1-ші орын — 25 000 000 теңге; Бапкеріне — 3 500 000 теңге; Естеріңізге салайық, «Қазақстан барысы» жарысы ЭКСПО-2017 аясында 3-ші шілдеде Астана қаласында өтеді.

Талдықорғандық полиция қызметкерлері марапатталды

Источник: NewTimes Дата: 23 июня 2017 в 18:24

Талдықорғандық полиция қызметкерлері марапатталдыТалдықорған қалалық ішкіістер басқармасының бастығы Ерлан Сансызбаевтың атынан 11 қызметкер алғыс хатпен марапатталып, 34 тәртіп сақшысына алғыс жарияланып, 7 полицейге өздерінің кезекті арнайы атақтары берілді.Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев шаһар басшысы атынан өздеріне жүктелген жұмыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін танытқан 10 қызметкерді марапаттады.«Ішкі істер органының қызметі — бұл өте қиын және жауапты мамандықтардың бірі.

БАЙҚОНЫРДАН ТАҒЫ ДА «СОЮЗ — 2.1А» ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 17:33

БАЙҚОНЫРДАН ТАҒЫ ДА «СОЮЗ - 2.1А» ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛАДЫБайқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшырғаннан кейін тура бір айдан кейін осы сыныптағы тағы бір зымыран ұшырылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес осы жылғы 14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған.

АРХЕОЛОГТАР СЫР ӨҢІРІНЕН ҚЫШ ЫДЫСТАР ӨНДІРГЕН ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫН ТАПТЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 17:03

АРХЕОЛОГТАР СЫР ӨҢІРІНЕН ҚЫШ ЫДЫСТАР ӨНДІРГЕН ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫН ТАПТЫЕліміздегі ең алғаш қыш-құмыра өндірісі Сырдарияның бойында басталған, деп хабарлайды khabar.kz. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде сақтар мекендеген Шірік Рабат қаласын зерттеуші ғалымдар осындай пайымға келді. Олардың мұндай тұжырым жасауына көне қала маңынан көзешілер ауылының табылуы себеп болған. Қыш ыдыстар өндірген шеберлер ауылы Шірік Рабат қалашығынан 40 шақырым жерде жатыр.

Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Источник: NewTimes Дата: 23 июня 2017 в 16:54

Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілерді құттықтадыМемлекеттік қызметшілерді облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады.Өз құттықтауында Л. Тұрлашов Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударып отырғанына тоқталды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал ететінін айтты.«Мемлекеттік қызмет – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алғашқы іс-шара Hilton Astana қонақ үйінде өтті

Источник: Zakon.kz Дата: 23 июня 2017 в 16:39

Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлардың 30-пленарлық отырысы өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінің аумағындағы маңызды объектілердің бірі – Hilton Astana қонақ үйінде болды.Мемлекет басшысы BI Group компаниясының командасын қонақ үй құрылысының табысты аяқталуымен құттықтады, сондай-ақ құрылыстың сапасына жоғары баға беріп, әлемдік деңгейдегі объектінің қазақстандық құрылысшылармен тұрғызылғанын атап өтті.Қонақ үйдің пайдалануға берілгеннен кейін операторы Hilton қонақ үй желісі болады.

СИНОПТИКТЕР АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ӨТКІНШІ ЖАУЫН ЖАУАДЫ ДЕП БОЛЖАЙДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 16:13

СИНОПТИКТЕР АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ӨТКІНШІ ЖАУЫН ЖАУАДЫ ДЕП БОЛЖАЙДЫҚазгидромет РМК синоптиктері 24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамын жария етті.«Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында өткен тәуліктерде ауа-райы 32-ден — 39-ға дейін, кей жерлерінде максималды 40-тан 43 градусқа дейін аптап ыстық болды. Осы кезеңдегі ауа температурасының 5-7ºС жоғары болуы қалыпты саналады.

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСЫМЫЗ ЕЛБАСЫҒА ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРҒА ҚЫСЫМ ЖАСАЛЫП ЖАТҚАНЫН АШЫНА АЙТТЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 15:43

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСЫМЫЗ ЕЛБАСЫҒА ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРҒА ҚЫСЫМ ЖАСАЛЫП ЖАТҚАНЫН АШЫНА АЙТТЫТәуелсіздік сарайында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мюнхен қаласынан келген қандасымыз Өмірхан Алтын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайдағы қазақтардың құқығы аяққа тапталып жатқанын ашына жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.«Қаны қазақ деп қайнаған сізге бір мәселені айтқым келіп отыр. Қадірлі ағайын, осында отырған және сырттан келген ағайындардың көбісі өзінің байырғы атамекенінде, ата қонысында өмір сүріп жатыр.

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН 20 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 14:33

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН 20 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ«Даму» қоры моно-шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін 10 млрд теңге бөлді. 8 млрд теңге «АТФ Банкке», 2 млрд теңге «Нұрбанкке» салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.«Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады.

Сырттағы қандастарымыздың қазақ тілінде білім алуына жағдай жасалады — Назарбаев

Источник: Zakon.kz Дата: 23 июня 2017 в 14:29

Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Бұл туралы бүгін Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сыртта жүрген бауырларымыздың бір бөлігі — жастар.

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНАҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 14:23

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНАҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫЗауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. Оның кандидатурасын Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Енді біз Төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашов 2004 жылдан бастап атқарып келеді.

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 13:43

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН \"ОТАНДАСТАР\" ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫШетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» қоры құрылады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Қандастарға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау, көмек жасау үшін мынадай жұмыстарды қолға алайық.

Н.НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ӘЛЕПБИІНЕ КӨШІРУ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ӨТЕДІ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 13:33

Н.НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ӘЛЕПБИІНЕ КӨШІРУ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ӨТЕДІТәуелсіздік сарайында өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.«Алты жобаның біріншісі — қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам», — деді ол.Сонымен қатар Елбасы әлемдегі қазақтар әртүрлі әліпбиді қолданатынына тоқталды.

ЕЛБАСЫ ЕЛГЕ ОРАЛАМЫН ДЕГЕН ҚАНДАСТАРҒА ҚҰЖАТ ЖИНАТЫП, ШЫРҒАЛАҢ ТУҒЫЗБАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 13:13

ЕЛБАСЫ ЕЛГЕ ОРАЛАМЫН ДЕГЕН ҚАНДАСТАРҒА ҚҰЖАТ ЖИНАТЫП, ШЫРҒАЛАҢ ТУҒЫЗБАУДЫ ТАПСЫРДЫҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы барысында ҚР Сыртқы істер министрлігіне және Үкіметке шетелден Атажұртқа оралуға ниеттенген қазақтарға құжат жинатып, шекарада шырғалаң туғызбауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық.

ЕЛБАСЫ СЫРТ ЕЛДЕ ЖҮРГЕН ҚАНДАС БАУЫРЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 12:13

ЕЛБАСЫ СЫРТ ЕЛДЕ ЖҮРГЕН ҚАНДАС БАУЫРЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында сырт елде жүрген қандас бауырларға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ардақты ағайын, құрметті бауырлар! Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайына келген баршаңызға қазақтың қастерлі атажұрты — Қазақ Еліне, оның бас ордасы — Астанамызға қош келдіңіздер деймін!

Қызылордалық полицейлер айыппұлдарды өндіру бағытында жұмыстар жүргізуде

Источник: NewTimes Дата: 23 июня 2017 в 12:04

Қызылордалық полицейлер айыппұлдарды өндіру бағытында жұмыстар жүргізудеОсы ретте заңда да жеңілдіктер бар екенін тағы бір еске сала кетейік. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810, 811-баптарына сәйкес салынған әкімшілік айыппұлды құқық бұзушы 7 тәулік ішінде 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар. Мысалы қауіпсіздік белдікті тақпағаны үшін 11 345 теңге айыппұл салынса, оны 7 тәулік ішінде 50 пайыз жеңілдікпен, яғни 5672,5 теңге төлей алады.Қызылорда облысы бойынша айыппұлдарды өндіру нәтижесіне тоқтала кетсек, ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 34 421 құқық бұзушыларға 346 304 159 теңге айыппұл салынып, оның 168 053 439 теңгесі өндіріліп, өндіру пайызы 48,5 пайызды құрап отыр.Ал құқық бұзушылар арасында ұялы телефонды пайдаланып көлік құралын басқарған жүргізушілер айыппұлды 7 тәулікте жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін көбірек пайдаланатындығы анықталды.

Қызылордада ҚР мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

Источник: NewTimes Дата: 23 июня 2017 в 11:44

Қызылордада ҚР мемлекеттік қызметші күні аталып өттіОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.«Мемлекет басшысы да өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбегімен бізге жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады.

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-байқау өтті

Источник: NewTimes Дата: 23 июня 2017 в 11:44

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-байқау өтті«Қазіргі таңда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі», — деді аймақ басшысы.2017 жылы байқауға 22 тауар өндіруші қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 1-орынды «ЭлектроТехнология» ЖШС иеленсе, 2-орын «Полимер Продукт» ЖШС-не бұйырды.

Қарағандылық полицей демалыс ақысына жетім балаларды қыдыртты

Источник: Zakon.kz Дата: 23 июня 2017 в 10:59

Қарағанды ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрулдік полиция полкінің аға сержанты Саламат Темірбаев қасиетті Рамазан айында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қыдырту үшін өзінің еңбек демалыс ақысын жұмсады, деп жазады sputniknews.kz.Аға сержант кезекті жазғы демалысын асыға күтіп, Қазақстанды араламақшы болған екен.

ШЫМКЕНТТЕ МҰНАЙ БАЗАСЫ ӨРТЕНІП ЖАТЫР

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 10:53

ШЫМКЕНТТЕ МҰНАЙ БАЗАСЫ ӨРТЕНІП ЖАТЫРШымкентте мұнай айдау зауытының аумағында мұнай базасы өртеніп жатыр. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады. Атап өтілгендей, резервуарларда АИ-92 маркалы 2-2,5 мың тоннаға жуық бензин бар. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері мен сарапшылар тобы жұмыс істеуде. Мамандар тілсіз жаудың шығу себебін анықтау үстінде.

МҰХТАР ШАХАНОВ ӨЗ АТЫНАН ЖАЛҒАН ПАРАҚША АШҚАНДАРДЫ СОТҚА БЕРМЕК

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 10:23

МҰХТАР ШАХАНОВ ӨЗ АТЫНАН ЖАЛҒАН ПАРАҚША АШҚАНДАРДЫ СОТҚА БЕРМЕКҚазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов әлеуметтік желілерде бірде-бір ресми парақшасы жоқ екенін мәлімдеді. Ақынның айтуынша, оның атын жамылып жалған парақшалардың саны бүгінде 56-ға жетіпті. Бұл туралы халық жазушысы «Қазақ үні» ұлттық порталына жіберген ресми хатында жазды.– Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті.

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ V ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 10:13

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ V ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫЕлордада дүниежүзі қазақтары бас қосқан V Құрылтайдың конференциясы басталды, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.Құрылтай жұмысына барлығы 800 делегат пен қонақ қатысады, оның ішінде әлемнің 39 елінен 350 адам келді. Олар – ғылыми-шығармашылық және педагогикалық сала зиялылары, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет келіп отыр.Сондай-ақ, V Құрылтайдың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, министрлік пен ведомства басшылары, түрлі партияның, қоғамдық қозғалыстардың көшбасшылары, Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары қатысуда.Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының баспасөз орталығында 150 отандық және шетелдің БАҚ өкілдері ақпарат таратып отыр.1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Құрылтай – дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұхбат алаңы.Кеше Құрылтай қонақтары Астананың тарихи-мәдени ошақтарын аралап, Этноауылда болды.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ТҰЛҒАСЫ». ОЛАР КІМДЕР?

Источник: Матрица.kz Дата: 23 июня 2017 в 10:03

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ТҰЛҒАСЫ». ОЛАР КІМДЕР?Президент Н.Назарбаев сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Показано 30 новостей из 60 142