Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

Дата: 01 января 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді.

1579 — Иасы қаласы Хақназар ханның ие­лі­гіне өтіп, қазақ хандығының аста­на­сына айналды.
1663 — Қоғам қайраткері, атақты шешен, ой­шыл Төле би Әлібекұлы дүниеге келді.
1699 — І Петрдің жарлығымен Жаңа жылды той­лау батыс елдеріндегідей 1 қаңтарға ауыстырылды.
1711 — Қазақ еліне көз алартқан жоңғарлар­дың алғашқы жорығы басталды, қазақ ба­тыр­­ла­ры тізе қосып, жауға күйрете соққы бер­ді. Қазақтың ұлы ханы Абылай (Әбілман­сұр) Уәлиұлы дүниеге келді.
1723 — Халқымыздың басына «Ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұлама» зұлматы төнді.
1735 — Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының іргесі қаланды.
1771 — Әбілмәмбет хан дүние салған соң, ха­лық Абылайды ақ киізге орап, хан кө­тер­ді. Еділ қалмақтары мен Абылай хан бас­та­ған қазақ қолы арасында қырғын соғыс бол­ды.
1783 — Қазақ ауылдарын аяусыз шапқан казак-орыс атаманы Чагановтың жасағын Сырым Датұлы әскері ойсырата жеңді.
1795 — Қазақтар қатыгездігі шектен шыққан Уәли хан Абылайұлын тақтан алу туралы өті­ніш жасады.
1807 — Орыс отаршылдығына қарсы бас кө­терген қазақтың әйгілі батырларының бірі Есет Көтібарұлы дүниеге келді.
1843 — Қазақтың әйгілі әнші-ақыны, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді.
1867 — Патшалық Ресей қазақ жерін бас­қару­дың жаңа «Уақытша ережесін» шығарды. Елде «Жалпақ қоян жұты» аталған нәу­бет басталды.
1879 — Қазақ елін қан қақсатқан Иосиф Вис­сарионович Сталин дүниеге келді. «Үлкен қоян жұты» болды.
1891 — Елде тағы бір алапат қуаңшылық бо­лып, ол «Кіші қоян жұты» аталды.
1939 — Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
1975 — Алматыдағы 28 гвардия­шы-панфилов­шылар атындағы саябақта әйгілі Даңқ ме­мо­риалы ашылды.
1987 — КСРО-да қайта құру реформасының белсенді фазасы басталды. Қазақстан компартиясы ОК мен Қазақ КСР-інің «Республикада қазақ тілін мең­геру­ді жақсарту туралы» және «Респуб­ли­када орыс тілін меңгеруді жақсарту туралы» қау­лылары қабылданып, қазақ тілі қол­данысын кеңейтуге қатысты алғашқы қа­дам­дар жасала бастады.
Қазан төңкерісінің соңғы мерейтойы – 70 жылдығы аталып өтті. Республикада алғашқы ВИЧ-ин­фек­циясы дерегі тіркелді.
1999 — Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды. 
Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет халық санағы өтті, оның қорытындысы бойынша, елде 14 953 100 адамның тұратыны және ха­лықтың 1989 жылғы көрсеткішіне қара­ған­да 7,7 пайызға азайғаны байқалды.  Еліміздегі негізгі мұсылмандық ме­ке­мелердің бірі Алматы Орталық мешіті ашыл­ды. Алматы халықаралық әуежайында ала­пат өрт болып, ғимараттың 6000 шар­шы метр аумағы жанып кетті.Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

По сообщению сайта Nur.kz