Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Петропавлда азаматтарға 40 млн теңге шығын келтірген алаяқтар ұсталды

Дата: 01 января 2011 в 17:50 Категория: Новости экономики

Петропавлда азаматтарға 40 млн теңге шығын келтірген алаяқтар ұсталды

Петропавлда полиция қызметкерлері азаматтарға 40 миллион теңгеден астам қаржыға материалдық шығын келтірген алаяқтар тобын ұстады.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтық әрекет жасады деген айып облыс орталығының ЖШС бастығы мен оның орынбасарына тағылуда. Жедел-іздестіру шаралары барысында анықталғаны, күдіктілер алдау және азаматтардың сеніміне кіру арқылы өз бизнестеріне қаражат салуды үгіттеген.

Ақшалары жоқ азаматтарға жымысқы ниетті жекеменшік құқығы түрінде жылжымайтын мүлкін салып жіберуге де ұсыныс жасалған.

Олар азаматтарға салған ақшаларының еселеніп қайтатынын ал салған үйлері өздеріне кейін қайтарылады деп сендіріп баққан. Алаяқтықтың маңызды бөлшегі жылжымайтын мүліктің сату-сатып алу келісім-шарты күдіктілердің бизнесін дамытуға жауапты адамның атынан жасалғаны. Өз кезегінде жылжымайтын мүліктің иесі алған ақшаны ЖШС директоры мен оның орынбасарының қолына ұстатып отырған.

Соның салдарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалғандар үйсіз, ақшасыз қалды. Мәселен, 2009 жылы зейнеткерлердің отбасылық жұбы алаяқтардың ұсынысымен өзінің және балаларының үйлерін өзге тұлғалардың атынан жаздырып, нәтижесінде үйсіз қалды. Жедел қызметкерлер осы қылмыстарды жасауға басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Жалпы алғанда 610 отбасы алаяқтардың кесірінен үйлерінен айырылып қалыпты.

Қазіргі күні бұрын сотты болған 41 жастағы ЖШС директоры тұтқынға алынып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Қылмыстың өзге қатысушыларына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, оларға қатысты тосқауыл шараларын қолға алу мәселесі шешілуде. Аталмыш факті бойынша 177 баптың 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полицейлер қажетті айыптау қорын жинауға қатысты кешенді шараларды жүргізіп жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz