Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тегін дәрілер сырқаттардың бәріне жете бермейді

Дата: 02 января 2011 в 07:40

Тегін дәрілер сырқаттардың бәріне жете бермейді

Қазақстанның нарығында отандық  дәрі-дәрмек өнімнің үлесі 10 пайыз ғана екен.

Кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмек тізімі 2009 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Денсаулық сақтау министрлігінің №446 бұйрығы бойынша реттеледі. Онда тегін берілетін дәрілермен қатар жеңілдікпен алатын препараттар да бар. Ондай дәрілерді алатын науқастардың қатарына пневмония, гемофилия, эпилепсия, ВИЧ індеті, бронхиалды астма және тағы басқа дертпен ауыратын сырқаттар бар.

Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің қазақстандық қауымдастығының президенті Тамара Рыбалованың айтуынша, гемофилиямен ауыратын балаларды дәрімен қамтамасыз етуде оңай емес.

Мамандар гәп гемофилияға шалдыққан адамдарда ғана емес дейді. Қазақстандағы «Диабет» қауымдастығының президенті Наталья Тукалевскаяның ойынша -

Қарапайым науқастар қай дәрі-дәрмектің кепілдендірілген тегін бағдарламаға енгенінен хабардар емес.

— Келесі жылы 15 мың науқас медициналық белгілері бойынша емес, мәжбүрлі түрде инсулиннің басқа түріне ауыстырылады. Құдайға шүкір, олардың қатарында балалар жоқ, — деді Н.Тукалевская.

Келесі жылы 15 мың науқас мәжбүрлі түрде инсулиннің басқа түріне ауыстырылады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараттары бойынша, келесі жылы да осындай мәселе туындауы мүмкін. Себебі мамандар дәрі алуға 2 млн 400 мың теңге сұрағанымен, бөлінгені 1 млн 788 мың теңге екен.

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы импортқа тәуелді дейді мамандар. Ондағы отандық өнімнің үлесі небәрі — 10 пайыз ғана екен.

2014 жылы дәрі-дәрмектің импортына деген тәуелділік 50 пайызға дейін қысқарады, — деді Индустрия және жаңа технология вице-министрі Альберт Рау.

Ал Бақыт Түменова одан пайда жоқ, себебі қымбат дәрілер бәрібір шетелден әкелінеді дегенді айтады. Сондықтан 50 пайыз емес , 17-18 пайыз болуы мүмкін.

 

 

По сообщению сайта Nur.kz