Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе мұражайында азаттық үшін күрескен қазақ батырларының залы ашылды

Дата: 02 января 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе мұражайында азаттық үшін күрескен қазақ батырларының залы ашылды

Елін қорғаған батырлар туралы мемлекеттік мұрағаттарда сақталған құжаттар мен деректер, тарихи жәдігерлер қойылған.

Айсұлу Тасымова – Бөкенбай батыр Қараұлының жетінші ұрпағы. Бөкенбай батыр -Әбілқайыр ханның сенімді серігі, қолбастайтын батыры болған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңде қолына қару алып, күрескен нар тұлға. Ол туралы деректер Ресей мұрағаттарында сақталған.

Айсұлу Тасымова, батырдың ұрпағы: — Осындай үлкен залдың ашылуы, әрине жас ұрпақты мына ұлттық санаға, ұлттық мүддеге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу үшін үлкен маңызы бар. 50 жыл бойы аттан түспей, бес қаруы бойында жүріп, елді, жерді қорғаған адам.

Мұндай дабыл сол заманда ел шетіне жау тигенде жедел қол жинау үшін қағылған. Оны музейге алматылық шеберлер тапсырыспен жасапты. Залға басқа да құнды жәдігерлер қойылған.

Мәскеудегі Герасимов атындағы зертханада жасалған Әйтеке бидің мүсіні, Тама Есет батырдың сауыты, 18-ші ғасырдағы жауынгерлер пайдаланған қылыш, т.б. заттар жинақталған.

Азаттық үшін күрескен тарихи тұлғалар Әбілқайыр хан, Тама Есет батыр, Қарабас батыр, Мөңке би, Әжібай би, Қайдауыл батыр, Исатай мен Махамбет, Есет Көтібаров, Әзберген Мұңайтпасұлы туралы да құжаттар жинақталған.

Бұл залда сондай-ақ бұрын-соңды айтылмай келген батыр қыздар Ақбота Сәңкібай және «көктемір әйел» деген атпен белгілі болған Сапар Мәтенқызы туралы деректер бар.

Қазақтың қыздары да сол кезде ерлермен бірдей қолдарына қару алып, ерліктерімен көзге түскенін білеміз.

Рысты Досова, бөлім меңгерушісі: — Қазақтың қыздары да сол кезде ерлермен бірдей қолдарына қару алып, ерліктерімен көзге түскенін білеміз. Солардың ішінде атап өтуге болады. Атақты Тама Есет батырдың қызы, Әжібай бидің келіні Ботакөз. Қалмақ басқыншыларына қарсы өзі қол бастап, шайқаста ерлігімен көзге түскен.

Нұргүл Қонақбаева, тілші: — Жаңа экспозоцияда ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Кенесары Қасымұлы туралы да материалдар қойылған. Он жылға созылған көтерілістің негізгі оқиғалары қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз, Қарабұтақ өңірінде өткен. Және Ақтөбе облысында Кілемжайған, Төретүскен деген жер-су атаулары да Кенесары Қасымұлының есімімен байланысты.

Мұражай қызметкерлері енді алдағы жылы Исатайдың 220 жылдығына дайындалуда.

Кенесары бастаған көтерілістен қорғану үшін Ресей империясы 1845 жылы Ырғыз, 1848 жылы Форт-Қарабұтақ бекіністерін салған. Мұражай қызметкерлері енді алдағы жылы Исатайдың 220 жылдығына дайындалуда.

По сообщению сайта Nur.kz