Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақы оюлардың магиялық күші туралы білесіз бе?

Дата: 02 января 2011 в 08:20

Қазақы оюлардың магиялық күші туралы білесіз бе?

Әдетте біз қазақтың ою-өрнектерін сәндік үшін ғана пайдаланамыз, оюлардың философиялық мағынасына терең ойлай бермейміз.

Шындығында, ою-өрнектердегі бедерлер халықтың қоршаған орта, өмір туралы түсініктерімен астасып жатады. Ал оның магиялық күші туралы білесіз бе? Космоэнипсихолог Елена Гомер бізді қазақы оюлардың адам бойына күш беретін қасиетімен таныстырды.

Осылайша қазақстандық фэн-шуйдың бағзы заманда-ақ қазақ ою-өрнектерінен басталғанын мойындап қайттық. «Оюлардың бедерлері неге түр­ліше болып келеді дегенді әр­қайсымызда ойға алып қоя­ты­ны­мыз рас. Өйткені оның бар­лығы өзін­дік мәнге ие» дейді Елена. Ра­сында да, кейбір оюлар гео­мет­риялық пішінде болады. Олар үш бұрышты, ромб формасынан құралады, ал енді бір оюларда ай, күн, жұлдыз бейнеленеді.

Қазақ оюларында жан-жануарлардың да белгісіне орын берілген, қош­қар мүйізі, құс тұмсығы, құс қа­наты соның дәлелі. Тіпті гүл, жа­пырақ, бұтақ кескіндерін де ою­дан көре аламыз. Себебі қа­зақы оюлар табиғат-ананың туын­дыларына иек артқан. Ол ою­лардағы өрнектер өзінше бір ма­гиялық мазмұнға ие. Сон­дықтан оларды ыдыс-аяқ, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, кілем, текеметтерде пайдаланған. Осылайша әр оюды өзіндік қуатына сәйкес тиісті мақсатта қолдана білген. «Ал бұл нағыз қазақстандық фэн-шуй болатын» дейді Елена Гомер. Бірақ біз мұны көп жылдар бойы ұмытып кеттік.

Қа­зақы оюлар табиғат-ананың туын­дыларына иек артқан, қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген энергоақпараттық белгілер.

Керісінше, болмыс-бітімімізбен біте қайнаса қоймайтын қытайлық фэн-шуйға бет бұрдық. Енді осы олқылықтың орны толатын түрі бар. Астанада өткен қазақстандық «Қуанышты қалып» («Радужная матрица») фэн-шуй сауықтыру бағдарламасының таныс­тырылымынан кейін осындай ойға тоқтадық. «Қуанышты қалып» фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер жасап шыққан қазақстандық фэн-шуйдың негізінде жоғарыда сөз еткен қазақ халқының байыр­ғы таңбасы — ою-өрнектер ен­гізілген. «Ғасырлар қойнауынан жеткен және қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген бұл энергоақпараттық белгілер ішкі-сыртқы кеңістіктің үндесуіне, бейбітшілік пен ма­хаббатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді» дейді Елена Гомер.

Ол сөз арасында отандық фэн-шуйдың таныстырылымына қолдау білдірген Қазақстанның мәдени мұраларын зерттеу, ата-баба­ларымыздың рухани байлығы арқылы ұлттың жоғарғы энер­гетикалық әлеуетін қалыптас­тырумен айналысатын «Диана» қоғамдық қорына алғысын білдіріп отырды. Себебі бұл қор­дың да міндеті — әр адамның рухани шығармашылығын ашу, шығармашылық жағынан да­рынды адамдарға психологиялық және материалдық көмек көрсету, сана-сезім сырына арналған ғылыми-философиялық мұра­ларды зерттеу, рухани эзотеризм саласындағы білімді толықтай игеру екен.

Елена Гомер 10 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі қазақ ою-өрнектерін зерттеумен айна­лысып келеді. Ол жеке өрнек­телген суреттердің адамға энер­гетикалық ықпал ететінін дәлел­деген маман. Ол әзірге бар-жо­ғы күнделікті өмірде кездесетін, ұлттық ыдыс-аяқтар, кілемдер және тағы да басқа көптеген бұйымдарды безендіру кезінде қолданылатын жеті өрнектің қыр-сырын зерттепті. Тағы да зерттеу нысанасында 19 өрнектің барын айтады. «Ою-өрнектерге негізделген фэн-шуй әдістемесі энергияны басқаруды, табиғи күш пен тепе-теңдікті сақтауды және осының арасында өмірге қуанышты оқиғаны тартуды, үндестікке жетуді, жеке өмірді саналы түрде басқаруды үйретеді. Ол қазақ халқының байырғы білімдері мен дәстүрлеріне негізделген. Олар әлемге әйгілі қытайлық фэн-шуйға қарағанда әлдеқайда пәрменді» дейді эзотериялық әдістеменің және рухани тәжірбиелердің авторы, космоэнипсихолог, көріпкел Елена Гомер.

Елена Гомер біздің етене таңбалар, оның ішінде өрнектер бізге шетелдік бойтұмарларға қарағанда үлкен көмек көрсетеді деген пікірдің адамы. «Әрбір өрнек — ол зор төзімділік пен тұ­рақтылықты игерген тұрақтан­дырылған жүйе. Ою-өрнек әлем сырына үңілуге, сондай-ақ адам­ның денесі мен психикасына қо­­л­ай­лы әсер етуге мүмкіндік бе­ре­ді. Ол ғарыш пен адам ара­сындағы дәнекер ретінде қызмет етіп, оған энергетикалық тасқын­дардың көптеген түрін сезіну мен қабылдауға көмектеседі, рухтың оянуына себепші болады және рухани даму жолына түсуге көмектеседі» дейді жоба авторы. Ол бүгінгі таңда, әсіресе, қа­зақ­стандықтардың қытай символ­дарына үлкен мән бере­тініне қынжылысын жасыра ал­мады. «Қазақ оюларына мойын бұр­майтындарды түсіне алмай­мын. Негізінде ою-өрнектерге үңілсеңіз, оның маңызы терең екенін түсінесіз, қазақтар аль­фавит жоқ кезде осы ою-өрнек­термен жазу жазған-ау деген ойға келемін кейде. Өйткені әрбір ою-өрнектің өзіндік терең ма­ғынасы бар. Мен соны халыққа тү­сіндіру үшін осы жобаны жасай бас­тадым» дейді. Ол үшін Еленаға қаншама кітапты парақтап шы­ғуына тура келіпті.

Мен адамдар қытайдың ба­қасын байлықтың белгісі ретінде қадір тұтып, сыйлы орынға қоя­тынын түсінбеймін. Бақа деге­ні­міз — батпақта өмір сүретін жән­дік, ол қалайша бай­лыққа ке­нелтеді?

Қазақы ауыл­дардағы қариялармен де сөйлесіп, ою-өрнектер туралы мағлұматтар қорын жасақтап шыққан. Ол тіпті археологиялық қазбалардағы ою-өрнектерге де көңіл бөлген. Оның бұл жұмысын ғалымдар да жан-жақты тексеріп көріпті. Бәрі де қолдау білдірген. «Мен адамдар қытайдың ба­қасын байлықтың белгісі ретінде қадір тұтып, сыйлы орынға қоя­тынын түсінбеймін. Бақа деге­ні­міз — батпақта өмір сүретін жән­дік, ендеше, ол қалайша бай­лыққа ке­нелтеді? Батпақтың арнасы жоқ, олай болса, батпаққа байлық қай­дан келеді?» деген Елена Го­мер байлықтың белгісі түйе жануа­ры екенін айтады.

Елена Го­мер байлықтың белгісі түйе жануа­ры екенін айтады.

«Мұ­хамед пайғамбар да түйе жануа­рын пайдаланған, Ұлы жібек жолымен жүрген де — түйе жануа­ры, яғни бұл жануар нағыз бай­лық­тың белгісі» деген оның сө­зін­де жан бар екенін еріксіз мойын­дайсыз. Сол сияқты ол ұсын­ған жеті оюдың жеті түрлі қа­сиетін де мойындамасқа ама­лыңыз қалмайды. Сонымен, Еле­на Гомер ұсынған оюлар қан­дай мағына береді? Денсаулық оюы — денсау­лы­ғыңызды жақсартады. Отбасы оюы — отбасы қаты­насын жақсартып, шаңыра­ғыңыз­ды шаттыққа бөлейді, бе­реке-бірлікті күшейтеді. Сәттілік белгісіндегі ою — ал­ғ­а қойған мақсатыңызға жетуге кө­мектеседі. Ақша белгісіндегі ою — сізді табысқа жетелейді, лауа­зы­мыңыз­дың өсуіне де ықпал ететін кө­рінеді. Махаббат белгісіндегі ою — бұл туралы айтып жатудың өзі ар­тық. Шығармашылық оюы — шы­ғармашылық тоқырауда жүрген­дердің шабытын оятады екен. Қорғаныш белгісіндегі ою — сізді теріс энергиядан, залады оқи­ғалардан қорғайтын болады.

Мұ­хамед пайғамбар да түйе жануа­рын пайдаланған, Ұлы жібек жолымен жүрген де — түйе жануа­ры, яғни бұл жануар нағыз бай­лық­тың белгісі

«Бұл оюларды күнделікті тұр­мыс­та қолдануды әдетке айнал­дырсақ, алдымыздан тек жақсы­лық күліп шығатын болады» дейді жоба авторы. Ал оны қалай пайдаланамыз? Ол үшін аталған ою-өрнектерді киім-кешегіңізге, төсек-орын жабдығы мен дас­тарқаныңызға пайдалансаңыз жетіп жатыр. Айтқандай, көп ке­шікпей дүкендер мен базарларда дәл осы ою-өрнектермен безен­дірілген ыдыс-аяқтар, төсек-орын жабдықтары мен дастар­қандар, қойын дәптерлер мен қа­ламдар, тіпті ашық хаттарға дейін саудаға шығарылуы мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде жеті ою бейнеленген энергоақпараттық өнімдер шығарыла бастапты. Қа­жет деп тапсаңыз, жоба маман­дары кез келген үйді безендіріп беруге дайын, яғни үйдегі жетіс­пейтін үндестіктерді оюларды қолдану арқылы энергиямен то­лықтырып бере алады.

Сон­дық­тан қазақстандық фэн-шуйға бет бұруға асығыңыз, ағайын! Біз жоғарыда Елена Гомердің кө­ріп­келдігі барын айттық. Бір қы­­зығы, Елена көріпкелдік тұ­қым қуалайды дегенге сенбеңіз дейді. «Көріпкел өткен мен бү­гіннің оқиғаларына терең бойлап, бол­жам айтуы тиіс. Мысалы, Нострадамус әлемді жаулауға қызыл айдаһар келеді деген екен. Ол айдаһар келді ғой, ол қытай халқы, жарты әлемді соғыссыз-ақ жаулап барады». — дейді.

Ал біз өз кезегімізде Еленадан алда ке­ле жатқан қоян жылы қандай бо­латынын сұрадық. «Қоян жы­лын­да жол-көлік оқиғасы мен адам өлімі азаяды, онкологиялық аурулар бәсеңдейді. Негізінде бұл жылдың қалай өтуі өзімізге тікелей байланысты. Адамзат айналасына мейірімді, қайырым­ды болса, соған сай жауап алады. Ал бұл жағынан Қазақстанның бағы жанады. Себебі біз бейбіт­сүйгіш елміз, ешкімді де, ешбір ел­ді маңдайынан шерткен емес­піз. Сондықтан тылсым күштер де бізге биылғыдай алдағы жылы да жылы қабақ танытады» деген болжам айтты. Бірақ ол саяси аренадағы оқиғаларға болжам жасаудан бас тартты.

Қазақстандық фэн-шуйды қазақтың ою-өрнегінен іздеген Елена Гомерге қазақ халқы риза бо­латын шығар. Себебі қазақ­стандықтар бұдан былай жат елдің күлді-бадам белгісіне емес, қазақтың оюына бет бұратын болады...

 

 

По сообщению сайта Nur.kz