Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Биылғы жаңажылдық марафонға 350-ден астам адам қатысты

Дата: 02 января 2011 в 09:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Биылғы жаңажылдық марафонға 350-ден астам адам қатысты

Алматы Астана, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларының тұрғындары жүгірді.

Осымен 22 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарыс, дәстүр бойынша Қарасай батырға және осы жылы өтетін Ақ Азиада ойынына, «Алматы ақшамы» газетінің 75 жылдығына және белгілі спорт комментаторы Диас Омаровтың 70 жылдығына арналып отыр.

Осы жылғы жарыстың ең жас қатысушысы 4 жасар София Ким.

Ал, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Михаил Горанько 22 жыл қатарынан жүгіріп келеді. Ал, мұндай қызықты әрі пайдалы жүгіріс, халықтың салауатты өмір салтын арттыра түседі , — дейді жарыс ұйымдастырушысы Ізбасар Оразбақов.

Ізбасар Оразбақов, Алматыдағы ұлттық спорт түрлері клубының директоры: — Ең бірінші 1989 жылы басталған еді. Ол кезде бар-жоғы 50 адам келеді ма деп ойлап едік, 500-ге жуық адам келді. Ал 91-92 жылдары 1500-ге жуық адам қатысты. Біздің алдымызда тұрған мақсатымыз, Елбасының Қазақстан халқына жолдамасы, спортпенен, дене шынықтырумен айналысатындардын пайызын 30-ға жеткізу. Сол үшін міне жастарды, тек қана жастар емес, қарттарды да осындай үлкен жарыстарға алып келіп, осы жарысты жүргізіп отырмыз.

 

350-ден астам азамат Республика алаңынан Орталық стадионға дейін, 2400 метр жүгіріп өтті

Жарысқа қатысамын деушілер тіркеліп болғаннан кейін, Республика алаңына жиналып, жүгірер алдында денелерін жаттықтырып алды. Әрине, олардың жандарында жол полициясы мен медицина қызметкерлері де жүр. Алғашқы белгі, жаңа жыл алдындағы үлкен отшашу болды. 350-ден астам азамат алаңнан Орталық стадионға дейін, 2400 метр жүгіріп өтіп, Елбасының құттықтауы алдында мәреге жетті.

Нұрбақыт Ахметов, ұстаз: — 7 жастағы баладан, 80-ге келген қариялардың жүгіргені маған қызық. Мен де солармен жүгіріп, өзімінің денсаулығымды, күш-қуатымыды білгім келеді. Екінші жыл қатысып келемін.

Жеңіске жеткендер өз сыйлықтарын алды, дегенмен ең басты сыйлық – денсаулық.

Алматыдан кейін, түнгі сағат 12-ге бес минут қалғанда Астана, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларының тұрғындары жүгірді. Әрине, жеңіске жеткендер өз сыйлықтарын алды, дегенмен ең басты сыйлық – денсаулық,-дейді ұйымдастырушылар.

По сообщению сайта Nur.kz