Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Kaznex Invest өнеркәсіп өндірісіне 18 млн еуро неміс инвестициясын тартты

Дата: 02 января 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Kaznex Invest өнеркәсіп өндірісіне 18 млн еуро неміс инвестициясын тартты

Астана қаласында Германия компаниясы қаржыландыруымен ПВХ профильдер өндіретін зауытты салатын болды.

Kaznex Invest Қазақстанның өнеркәсіп өндірісіне 18 млн еуро көлемінде неміс инвестициясын тартты Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Астанадағы зауыттың құрылысына «Funke Kunstoffe» АҚ-ның (Германия) 18 млн еурокөлеміндегі инвестициясын тартты, деп хабарлайды ИЖТМ баспасөз қызметі.

«Kaznex Invest (…)«Funke Kunstoffe» АҚ (Германия) компаниясымен келіссөздерді сәтті аяқтады, оның шеңберінде жыл сайын 25 мың тонна өнім беретін қуатымен ПВХ профильдер өндіретін зауыттың құрылысына 18 млн. еуро жұмылдыру туралы келісімге қол жеткізілді. Кәсіпорын Астана қаласының индустриалды аумағындағы 10 га-ға Германия компаниясының 100% дық қаржыландыруымен салынатын болады», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, жоба шеңберінде 150 жұмыс орны құрылады.

Кәсіпорын өнімнің 60% — ын Ресейге, 30% — ын Қазақстанға, 10% — ын Орта Азия елдеріне жеткізеді деп жоспарланған.

«…Қазіргі уақытта Kaznex Invest ұйымдастырушылық және қаржы техникалық мәселелерді қарастырып жатыр. Осы жобаның дамуы үдемелі индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға маңызды үлес қосып, химия өнеркәсібінің дамуына және кластерлеуге қосымша серпін береді», — деп мәлім етті Kaznex Invest-тің Еуропа елдері бойынша аймақтық директоры Мархаббат Балғабай.

ИЖТМ ақпараты бойынша, кадрларды даярлау, кәсіпорынға қызмет көрсету және менеджмент шығындарын неміс инвесторлары өз мойындарына алып отыр.

Құрылысты 2011 жылдың наурыз-сәуірінде бастау жоспарланған. Екінші кезеңде, 2013 жылы Funke Kunstoffe компаниясы құны 20 млн еуро болатын ПВХ-құбырлар өндіруші тағы бір зауыт салуды жоспарлап отыр.

Funke Kunststoffe GmbH – жылдық айналымы 75 млн еуро болатын пластиктен жасалған инженерлік жүйелерді жеткізуші Батыс Еуропадағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Құрылған 1962 жылдан бері компания Еуропаның құрылыс нарығында жетекші орын алып келеді.

Kaznex Invest экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі 2010 жылдың сәуірінде құрылған және экономиканың басымдықты секторларына тікелей шетелдік инвестицияларын тарту және қазақстандық шикізат емес экспортты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағыттаған ұлттық даму институты болып табылады. Агенттік республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және экспорттаушыларға ақысыз қызмет көрсетеді.

 

По сообщению сайта Nur.kz