Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазір өмір сүріп жатқан 10 миллион британдық жүз жылдығын атап өтеді

Дата: 02 января 2011 в 15:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазір өмір сүріп жатқан 10 миллион британдық жүз жылдығын атап өтеді

Қазір өмір сүріп жатқан 10 миллион британдық кем дегенде 100 жасқа дейін өмір сүреді.

Осындай болжамды Ұлыбританияның Еңбек және зейнетақы департаменті (Department for Work and Pensions) 2010 жылдың 29 желтоқсанында жасады.

Департаменттің бағалауынша, қазірдің өзінде Ұлыбритания аумағында тұрып жатқан 10 миллионнан астам британдық 100 жасқа дейін өмір сүреді. Егер 2010 жылы Ұлыбританияда өзінің 100-інші туған күнін атап өткен небәрі 11,8 мың адам болса, 2066 жылы болжам бойынша мұндай ұзақ жасайтындар саны кем дегенде 507 мың адамды құрайды.

Жасы 16-ға толмаған британдықтар арасында ұзақ жасайтындар саны шамамен үш миллионға дейін жетуі мүмкін, деп нақтылайды The Daily Telegraph. Ал 2010 жылы жасы 16-дан 50-ге дейін болғандар арасында жүзжылдық мерейтойын 5,5 миллион адам атап өтуі мүмкін.

Миллиондаған британдық алдағы күндері зейнеткерлікте өзінің өмірінің үштен бірін өткізетін болады

Күтіліп отырған өмір жасының ұзақтығын арттыру туралы мәліметтерді жария ету арқылы Еңбек және зейнетақы департаменті үкімет жүргізіп жатқан зейнетақы реформасының қажеттілігі туралы еске салуда.

Еңбек және зейнетақы департаменті үкімет жүргізіп жатқан зейнетақы реформасының қажеттілігі туралы еске салуда.

«Миллиондаған британдық алдағы күндері зейнеткерлікте өзінің өмірінің үштен бірін өткізетін болады, — деп мәлімдеді департамент басшысы Стив Уэбб. — Біз жүргізіп жатқан реформаның мақсаты — адамдарды лайықты базалық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларға жеке зейнетақы капиталын құруға көмектесу».

Ел тұрғындары арасында үкіметтің зейнеткерлікке шығу мерзімін ұзартуды қарастыратын реформасы қолдау таппай отыр.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания үкіметі бірнеше жыл қатарынан елде зейнетақы жүйесі реформасын өткізуге талпыныс жасауда. Ел тұрғындары арасында үкіметтің зейнеткерлікке шығу мерзімін ұзартуды қарастыратын реформасы қолдау таппай отыр.

По сообщению сайта Nur.kz