Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ата-ана қамқорлығынан айрылған 440-қа жуық бала анықталады

Дата: 03 января 2011 в 10:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ата-ана қамқорлығынан айрылған 440-қа жуық бала анықталады

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы болды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалық етуімен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы болды.

Онда алдымен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, бұл мақсаттағы жобалар әлеуметтік тапсырыстың 25 пайызын құрайды. Осыған орай 5 миллионнан астам теңгеге әлеуметтік жобалар орындалған.

«Ақжол» білім мен ғылымды дамыту, қолдау жөніндегі Батыс қоғамдық қорының жетекшісі Мұрат Сыдықов өңірдегі демографиялық ахуалға тоқталса, «Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы» БҚО филиалының төрайымы Әлия Райымқұлова көшбасшы әйелдер мектебінің жұмысы жөнінде әңгімелеп берді.

Облыстық білім басқармасының бастығы Марат Тоқжанов жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру мәселесін қозғады.

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын өңірде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 440-қа жуық бала анықталады. Мәселен, 2008 жылы олардың саны 433, 2009 жылы 437 болса, биыл 442-ге жеткен. Осының 309-ы немесе 70 пайызы асырап алушы отбасына берілген. Дегенмен қолға алынған шаралаларға қарамастан, жыл сайын 100-ге жуық жеткіншек жетім және ата-аналары қамқорлықсыз қалдырған балалар мекемелеріне (2008 жылы — 194, 2009 жылы — 174, 2010 жылы — 133) орналастырылады.

По сообщению сайта Nur.kz