Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жамбылдық полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда

Дата: 03 января 2011 в 12:40

Жамбылдық полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда

Жамбыл облысы Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығында және аймақта қылмысты болдырмау және оның алдын алу бойынша ІІД-нің барлық бөлімдерінің қызметкерлеріне ІІД бастығының бұйрығы оқылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш бұйрықпен Жамбыл облысы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Ахатхан Әбдезов таныстырды.

Жамбыл облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Бекет Аймағамбетовтың бұйрығымен 2010 жылдың 31 желтоқсанынан 2011 жылдың 4 қаңтар аралығында ІІД қызметкерлерінің барлық құрамы күшейтілген режимге көшірілді.

Жамбыл облысы ІІД және ҚІІБ 500-ден астам қызметкерлер жұмылдырылды, соның ІІД ішінде патрульдік жеке батальонының 136 қызметкері, 5513 ішкі әскер бөлімінен 70 сарбаз мереке күндері және түнгі уақыттарда қоғам тәртібін күзету мақсатында қала аумағындағы көшелер мен елді мекендерге, мейрамханалар мен кафелерге бекітілді.

Ал, 31 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесін мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысы ІІД-нің мәжіліс залында ішкі істер органдарында адал қызмет еткен қызметкерлерді салтанатты түрде құрметпен зейнеткерлікке шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары Талғат Жүнісқадіров Ішкі істер министрі С.Баймағамбетовтың және Жамбыл облысы ІІД бастығы Б.Аймағамбетовтың Жаңа жылдық құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар, зейнеткерлікке шығып жатқан 72 қызметкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырып, жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтады.

По сообщению сайта Nur.kz