Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

100 жасқа келген Нәсіп әжей ақылын айтты

Дата: 03 января 2011 в 15:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

100 жасқа келген Нәсіп әжей ақылын айтты

Жаңа жылдың алғашқы күні батысқазақстандық кейуана 100 жасқа толды.

БҚО-ның Теректі ауданы Ақжайық ауылында тұратын Рысқалиевтер әулетінің үлкені Нәсіп әжей 1 қаңтарда 100 жасқа толды.

1911 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген Нәсіп әже әлі де тың.

Әлі күнге жүріс-тұрысы жинақы кәрі кеуденің жас кезінде шаруаға тастай, сөзге шешен болғаны байқалады.

Әжей үйдегі бар асыл сақталатын сандықтың кілтін құпия жерде өзі ұстайды. Келіндері сандықты әжейдің рұхсатымен ғана ашады.

Қолындағы жасы 65-ке келіп өзі де ата болып отырған баласы Оңғар — жалғыз ұлы. «Құдайдан сұрап алған көзімнің қарашығы жалғызым осы», — дейді шашын ақ қырау шалған қарияны нұсқап. «Сыртта жүрген жігітті көрдіңдер ме, ол баламның жалғыз ұлы, менің немерем, атасының аманаты», деп бір тоқтады кейуана.

Әжей үйдегі бар асыл сақталатын сандықтың кілтін құпия жерде өзі ұстайды.

Өздері ата-әже болған бала-келіні Оңғар мен Тәрбие қарияның қас-қабағына қарап, көңілін аулайды. Бар жағдайын жасап, әлпештеп, алақандарында аялап отырғаны бірден байқалады.

-Құлағы естімей қалғаны болмаса, анамыздың көкірегі сайрап тұр. Бәріміздің ақылшымыз, сүйенер тірегіміз осы кісі. Ең алғаш 1974 жылы атам мен енемнің қолына келін болып түстім. Менің жұбайым — бұл кісілердің жалғыз ұлы ғой. Сондықтан келінге тиісті міндеттерімді абыроймен атқаруға тырыстым. Сонау жылдардан бері бірге келе жатырмыз. Менің балаларымды бір ұл, екі қызымды өсіріп, өндіріп қатарға қосқан әжесі.

Адал еңбек етіңдер, еңбек еткен адамның алды жарық болады

Үнемі бізге: «Мойымаңдар, Құдай сүйген құлын жалғыз тастамайды, адал еңбек етіңдер, еңбек еткен адамның алды жарық болады» деп ақылын айтып отырады. Өзіміздің төрт немереміз бар. Ата-әжеміз. Келінім де менің енеме деген ықыласымды көріп жүр ғой. Бұл олар үшін де тәрбие. Біздің осы күнге жетіп, немере сүйіп, қызығына бөленіп отырғанымыз да осы анамыздың арқасы. Анамызға тек денсаулық тілейміз. Көз алдымызда қарайып отырғанының өзі — біз үшін бақыт, — деген келіні Тәрбие көңілі босап, біраз толқып алды.

Қара шаңырақтың қазынасына айналған қарияның жастық шағы еңбекпен өріліпті. Жұбайымен бірге Астрахань жерінде балық аулап, Обаға қарсы тышқан аулап біраз бейнеттеніп, жоқшылықтың дәмін татқан кездері де аз болмапты. Кейіннен 1952 жылдары Жаңақаладан Теректіге көшіп келіп, тұрақты түрде мал бағумен айналысқан қария сол жерде бір ұл, екі қызын өсіріп, ел қатарлы еңбек еткен.

По сообщению сайта Nur.kz