Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Израиль музыканттары Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Дата: 04 января 2011 в 14:40 Категория: Новости культуры

Израиль музыканттары Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Павлодарға жаңа жылды тойлап, нағыз қарды көру үшін Израильдің белгілі музыканттары келді.

Мереке кезінде Қазақстанды гастрольдік сапармен аралау — саксофонист және композитор Илларион Давыдовтың бастамасы. Павлодарда туып-өскен музыкант жыл сайын жерлестерін таң қалдыруға тырысады екен.

Осы жолғы концерт бағдарламасына шетелдік эстрадада 80-ші және 90-шы жылдары шыққан белгілі әндер кірген.

АББА, Стив Уандер және джаз әуендерін көрермен қауым ықыласпен тыңдады.

Илларион Давыдов туған мекені мен жерлестерін жиі сағынатынын жасырмайды. Шығармашылық жолын Павлодарда бастаған ол, Крис Кельмидің «Рок-Ателье» тобында жұмыс істеген. Ал, қазір әлемдік деңгейдегі музыкант. Израильдік қонақтар келесі жылы Қазақстанға қайта келіп, концерт беруге уәде етті.

Әділ Жұмекенов, көрермен: – Көңіл-күй керемет! Біздің Павлодар тұрғындарына Илларион Давыдовтан тағы бір осындай сыйлық. Бізге өте ұнайды, керемет әншілер, керемет позитив энергияны алдық. Енді 2011 жылы осындай керемет концерттер көбейсін деп сұраймыз.

По сообщению сайта Nur.kz