Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде жаңа жылыжай пайдалануға берілді

Дата: 04 января 2011 в 15:20

Ақтөбеде жаңа жылыжай пайдалануға берілді

Бұл жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Голландық технологиямен өндірілетін өнім азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді,-дейді облыс басшылығы.

Жылыжайдың құрылысына қажетті құрал-жабдықтар Голландиядан әкелінді. Ал, оның құрылысына негізінен қаржыны «ҚазАгроФинанс» бөлген. Жергілікті бюджеттен де қаржы қарастырылған.

Елеусін Сағындықов, Ақтөбе облысының әкімі: — Біз барлық инфрақұрылымды облыс бюджеті есебінен жасадық. Жол, су, жарық, газ тартып бердік. Біз газды осы жылыжайға басқаларға қарағанда әлдеқайда өте арзан бағамен беріп отырмыз.

Ақтөбеде, әсіресе қыс айларында қызанақтың бағасы өсіп кететін. Өйткені, сырттан тасымалданатын еді. Енді, баға тұрақтанады. Әрі келешекте ішкі сұраныспен қатар көршілес облыстарға, тіпті Ресейдің шекаралас өңірлеріне экспортқа шығару жоспарда бар, — дейді мамандар.

Андрей Тен, Жылыжай директорының орынбасары: — Бұл сорттар селекциялық жолмен ең үздік қызанақтардан алынған. Біз халықтың талғамына сай, көпшілікке ұнайтын ең сапалы тұқымға тапсырыс бердік.

Жаңа жылыжайда голландық технологиямен қызанақ өсіріледі.

Нұргүл Қонақбаева, тілші: — Жаңа жылыжайда голландық технологиямен қызанақ өсіріледі. Бұнда тұқым әдеттегідей қара топыраққа отырғызылмайды. Технологиясы өзгеше. Алғашқы өнімді тұтынушылар сәуір айында пайдалана алады.

Шағын су ертіндісі бар ұяшықтарға тұқым бір-бірлеп тасталады. Олардың бой көтеруі, құрамындағы минералды тыңайтқыштары компьютер арқылы бақыланады. Қазір голландиялық агроном қазақстандықтарға өздерінде қолданылатын әдістерін үйретуде.

Голландиядағыдай сапалы өнім аламыз деген сенімдеміз.

Фрэд Фан Кленк, агроном: — Мұнда климаты жағынан Голландиямен ұқсас. Сондықтан, Голландиядағыдай сапалы өнім аламыз деген сенімдеміз.

Жылыжайда жылына мың жарым тонна қызанақ өсіруге болады. Бұл қала тұрғындарының сұранысын толық өтеуге жетеді.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также