Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Атырау облысында жаңа кен көздері табылды

Дата: 04 января 2011 в 15:20

Атырау облысында жаңа кен көздері табылды

Атырау облысындағы Лиман блогында 3 ұңғыдан мұнай бұрқағы атқылады.

Лиман блогындағы алғашқы мұнай бұрқағы өткен жылы қазан айында табылған болатын. Онда мұнай 1302 метр тереңдіктен атқылаған. Сол кезде барлаушы геологтар аталған кен орнында әлі де көп мұнай бар деген болжам айтқан еді. Одан әрі барлау жұмыстарының нәтижесінде 1100 метр және 1500 метр тереңдіктен мұнай шығып, геологтардың болжамы шындыққа айналды.

Бұл соңғы 15 жылда табылып отырған ең ірі кен орны, — дейді отандық мұнайшылар.

Жаңа кеніштегі мұнай өте сапалы, құрамында меркаптан мен күкірт сутегісі жоқ. Тәулігіне 24 тонна мұнай беруде. Және жер бетіне жақын орналасқандықтан кенішті игеруде қиындықтар болмайды, — дейді мұнайшылар.

Жаңа кеніштегі мұнай өте сапалы, құрамында меркаптан мен күкірт сутегісі жоқ.

Дәрмен Төреғалиев, Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы: — Бүгінгі қолымызда бар сейсмикалық мәлімет бойынша, осы Лиман блогында әлі де 4-5 ұңғы қазылуы керек. Егерде сол ұңғылар «положительный характер» беріп жатса, перспективасы болса, бұл кен орны болашақта бізге игеруге беріледі деп санаймыз. Ол ауданға да біздің мекемеге де үлкен жақсылық әкеледі. Неге десеңіз, жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

По сообщению сайта Nur.kz