Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Петропавлда су құбырын салған құрылысшыларға қылмыстық іс қозғалды

Дата: 04 января 2011 в 18:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Петропавлда су құбырын салған құрылысшыларға қылмыстық іс қозғалды

Петропавл прокуратурасы су құбырын сапасыз салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Қылмыстық іс «Рүстем» қазақстандық қуат үнемдеуші компаниясы» ЖШС («Рүстем ҚҚК» ЖШС) салған су құбырының сапасыз құрылысы фактісі бойынша қозғалды. Бұған 2010 жылдың 24 желтоқсанында Петропавлдың Казахстанская Правда даңғылы мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысындағы кәріз коллекторында құрылыс кезінде жіберілген кемшіліктерге байланысты диаметрі 800 мм су ағызғы жарылып кеткен».

Осының нәтижесінде 16 жеке меншік тұрғын үй мен олардың айналасын су басқан.

«2010 жылдың 27 желтоқсанында бұл кәріз коллекторында бірінші апат кезінде жол берілген олқылықтарға байланысты құбыр тағы жарылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

16 жеке меншік тұрғын үй мен олардың айналасын су басқан.

«Рүстем ҚҚК» ЖШС су ағызғының құрылысын «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» МБ-мен «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырған.

Апатқа алып келген себептердің бірі — қайта жөнделген нысанның тиісті деңгейде пайдалануға берілмегені …

«Тексеру көрсеткендей, осы уақытқа дейін қабылдау комиссиясының аталған су құбырын қабылдау туралы мемлекеттік актісін қала әкімдігі бекітпеген. Дегенмен нысан пайдалануға беріліп, «Петропавл Су» АҚ ол арқылы қала халқыны ауыз су жеткізген», — дейді прокуратурадағылар.

Прокуратурадағылардың атап көрсетуінше, «құбырдың жарылуының салдарын жою мақсатымен өкілетті мемлекеттік және коммуналдық органдар техника мен жұмыскерлерді тартуға мәжбүр болған, осының нәтижесінде ірі материалдық шығын келген».

«Сапасыз құрылыстың нәтижесінде «Рүстем ҚҚК» ЖШС басшысы Омаров М.Н. азаматтарға, ұйымға және мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген. Осы негізден бойынша Омаров М.Н.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 245-1 бабының 2 бөлімінде қарастырылған қылмыстық белгілері бойынша (сапасыз құрылыс) қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс өндіріске алынды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
 

По сообщению сайта Nur.kz