Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді

Дата: 05 января 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді

2011 жылы Қазақстан беделді халықаралық институттардың бірі — Ислам Конференциясы Ұйымының төрағалығын өз қолына алады.

Қазақстан өткен 2010 жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті. Оған Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Саммиті нақты дәлел. Еліміздің дипломатиясы биыл да белсенді қызмет етпек.

Ислам Конференциясы Ұйымы үлкендігі жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін екінші орынды иемденетін беделді халықаралық бірлестік.

Оған 57 мемлекет мүше. Штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. 1969 жылы құрылған ұйым жанында Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры сияқты органдар жұмыс істейді. Қазақстан осы ұйымға жетекшілік ету барысында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан жинақтаған тәжірибесін пайдаланары сөзсіз.

Cәкен Есіркепов, «Заманауи саяси зерттеулер институтының» ғылыми қызметкері: — Қазақстанның ИКҰ төрағалық етуі сыртқы саясаттағы оң табыстарының нәтижесі деп есептеуге болады. Халықаралық қауымдастық Қазақстанның осы 20 жылдың ішінде жасаған дипломатиялық жетістіктеріне қарап, осы мүмкіндікті беріп отыр. Жалпы бұл ұйымның әлеуеті өте зор.

Ислам әлемі қазіргі күні біркелкі емес. Бір елдер мұнай мен газдан келіп түскен қаражаттан жылдан-жылға байып жатса, келесілері аштық пен соғыстан зардап шегуде. Бұған қоса ислам экстремизмі, ислам терроризмі деген атпен тұтастай бір әлемдік дінге көлеңке түсіру сияқты теріс пиғылдардың да бар екені жасырын емес. Сол себептен де Қазақстанның төрағалығы осындай аса қиын жағдайлармен тұспа-тұс келіп отыр.

Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик: — Ислам деген дүние жүзінен бөлек өмір сүретін дін емес, ислам елдері бүкіл әлемнен бөлек өмір сүрмейді. Өте тығыз қарым-қатынаста ислам елдері. Осы тығыз қарым-қатынас кезінде дінаралық татулық, дінаралық келісімде Қазақстанның жинақтаған тәжірибесі бар. Қазақстан осы тәжірибесін айтады.

Биыл жазда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуымен үлкен халықаралық жиын өтеді.

Биыл жазда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, барлығы 140-қа жуық шетелдік делегациялардың қатысуымен үлкен халықаралық жиын өтеді деп жоспарланып отыр. Осы мәжілісте Ислам елдерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық деңгейдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері қаралады деп күтілуде.

Ғарифолла Есім, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, академик: —

ИКҰ алдында тұрған мәселе өте көп, ең бастысы оған мүше Ислам елдерінің бірін-бірі тыңдауы, түсінуі болып отыр.

Осы қиын мәселе болып отыр. Ол шешілмей ИКҰ-ның әлемге әсері болмайды. Сондықтан Қазақстан осы елдердің бірін-бірі тыңдауы, түсінуіне жұмыс істейді деп ойлаймын.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатында Ислам Конференциясы Ұйымының аса маңызды орны бар. Бүгінде жетекші мұсылман мемлекеттері Қазақ елінің төрағалығынан үлкен үміт күтетінін және Қазақстанның даму жолы басқа ислам ұлыстарына үлгі болуы тиіс екенін мәлімдеуде.

По сообщению сайта Nur.kz