Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шығыс Қазақстанда іскер азаматтар дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсету кешенін халыққа тарту етті

Дата: 05 января 2011 в 09:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шығыс Қазақстанда іскер азаматтар дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсету кешенін халыққа тарту етті

Шығыс Қазақстанда іскер азаматтар дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсету кешенін халыққа тарту етті

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының құрылғанына биыл 80 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Осы өңірден шыққан іскер азаматтар «Туған жерге тағзым» шарасы аясында дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсету кешенін салып берді.

Көкпектідегі 50 төсектік ескі аурухана жарты ғасыр бұрын салынған бөлмелері тар көне ғимаратта орналасқан еді. Енді мұнда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша

100 төсектік жаңа аурухана мен бір мезетте 150 адамға қызмет көрсететін емхана бой көтерді.

Болат Көкенайұлы, тілші: — Жаңа ауруханада 3 бірдей операциялық бөлім жұмыс істейді. Олар мынадай жаңа қондырғылармен жабдықталған. Ал мына құны 22 млн теңге тұратын жапондық жылжымалы наркоз беру қондырғысы дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Көкпекті ауданы Омбы-Майқапшағай халықаралық тас жолының бойында орналасқандықтан жол апатынан жарақат алған жолаушылар көп түседі. Бұрындары операциялық бөлім жалғыз болғандықтан қиналушы едік, — дейді дәрігерлер.

Көкпекті ауданында бұрын соңды мұндай аурухана болған емес.

Шаймұрат Букумбаев, ауыл тұрғыны: — Көкпекті ауданында бұрын соңды мұндай аурухана болған емес. Қазіргі мына ғимарат біздің Қазақстанның өркендеп келе жатқанын көрсетіп тұр. Елбасына, бүкіл қазақтың атқамінерлеріне көкпектіліктердің атынан шын пейілмен рахметімді айтамын.

Болашақта мұнда 20 төсектік балалар бөлімі, жан сақтау бөлімін ашу жоспарланған.

Құдайберген Толықбаев, бас дәрігер: — Оңтүстігімізде Тарбағатай ауданы, Зайсан ауданы. Әсіресе қысқы жолдың қиын уақытында анау 500-600-700 шақырымға ауруды тасығаннан гөрі, осының бәрін бір жерге орталықтандырып, шоғырландырып, ауру адамды алыс жерге тасығаннан гөрі, санавиация шақырып, әуре болғаннан гөрі соларға жергілікті жерге медициналық көмек дер кезінде көрсетілсе.

Мұнан басқа жергілікті балабақша жөндеуден өтіп, жаңа топтар ашылды. Күрес кешені, аудан тарихынан сыр шертетін мұражай пайдалануға берілді. Көкпектідегі Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйі де 40 жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Биыл осы мақсатқа облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, ғимарат жаңғыртылды. Ауданның мерейтойына жиналған айтыс ақындары зәулім сарайда елдің берекесі мен бірлігін жырлады. Ал осы өңірден шыққан кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік дәріхана ашып берсе, бірі тұрмыстық қызмет көрсету кешенін халыққа тарту етті.

 

По сообщению сайта Nur.kz