Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғалары азайды

Дата: 05 января 2011 в 10:40

Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғалары азайды

2010 жылы ел көлеміндегі жол-көлік оқиғаларының саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген.

Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр.

Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды.

Жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.

Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы: — Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.

Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар.

Сонымен қатар, жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен.

Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін бергенмен, үлкен жауапкершілікті де міндеттейді.

По сообщению сайта Nur.kz