Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Театр ғимараты қостанайлықтардың игілігіне айналады

Дата: 05 января 2011 в 12:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Театр ғимараты қостанайлықтардың игілігіне айналады

2010 жылы республика бюджетінен 2 миллиард тең­ге­ден аса қаржы бөлініп, Қоста­най қаласының орталығынан қа­зақ театрына арналған жаңа ғи­мараттың іргетасы қаланды.

Асылы, Қостанай қазақ театр өнерінің алдында «ұятты» бола­тын. Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов және Қапан Бадыров сияқты қазақ драма театрының шаңырағын көтерген үш бәй­теректің кіндік қаны тамған жерде Кеңес Одағы жыл­дары хас өнер ұмыт қалды.

Аяқ асты бол­ған салт-дәстүріміз, тіліміз бен дініміз Тәуелсіздіктің арқасында көктемгі алма аға­шындай шешек атқан тұс­та су­сағ­ан көрермен театр жөнінде жиі мәселе көтерді. Сонымен

2000 жылы ғана Қос­танайда тұң­ғыш рет қазақ драма театры ашылды.

Ол кезде, әрине, жоспарлы эконо­миканың нарық­қа көшуінен әбден қалжыраған шаруаның бойын тіктей қоймаған кезі болатын. Театр үшін арнайы ғимарат салу ойда болғанымен, бүйірі бос бюджет қоржынының мұршасы келмеді. Сондықтан қар­жы болмай тарап кеткен об­лыстық Мәдениет үйінің босаған ғима­ратын сылап-сипап жөндеп, драма театр еткен еді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарағанда, бұл ғи­марат театр та­лап­тарына жауап бере қоймайды.

Өткен 2010 жылы республика бюджетінен 2 миллиард тең­ге­ден аса қаржы бөлініп, Қоста­най қаласының орталығынан қа­зақ театрына арналған жаңа ғи­мараттың іргетасы қаланды.

– Театр ғимаратының жоба­сын ресейлік архитекторлар жа­са­ды. Олар театр үйлерін салып жүрген, оның ерекшелігін білетін кәнігі мамандар. Микрoфонмен дауысты күшейтіп айту театр­ға жат нәрсе. Көрермен сах­на­дағы актердің өзінің табиғи дауы­сын ғана естіп отыруы керек. Сон­дық­тан ресейлік сәулетшілер көрер­мен залын 300 орыннан асыр­ма­ды. Ал кіші залдағы орын 120 ғана, – дейді І.Омаров атын­дағы облыс­тық қазақ драма театры­­ның бас режиссері, Қазақстанның халық әртісі Ер­сайын Төлебай.

Күзге қарай қостанайлық көрер­мен­дер жаңа театрда жаңа қойы­лым­дар көре­тін болады.

Театрдың жаңа ғимараты жо­ба­сының компьютерлік нұсқас­ы үл­кейтіліп, Қостанайдың орталық кө­шесіне ілініп қойылған. Бола­шақ театр үйінің сыртқы сәулеті қазақ аруының сәукелесін елестетеді. Мамандардың айтуынша, театр­дың мұндай сәнді ғимараты Қазақ­станда ғана емес, ТМД ел­дерінің өзінде кездеспейтін көрінеді.

– Болашақ театр үйінде актерлерге барлық жағдай болады. «Театр киім ілгіштен басталады» деген қа­натты сөзді сәулетшілер жақ­­сы ұс­тан­ған. Актерлердің әр­қайсысы үшін әрлеу бөлмесі, де­ма­латын орын­дар, қойылымнан кейін жуы­натын орын­дарға дейін бар. Төрт қабаттан тұра­тын ғи­мараттың тө­менгі жертөле­сінде қойма, көлік тұра­тын орын­дар­ға дейін қарас­ты­рылған. Ал көрер­мен­­дер актер өне­рін тамашалап, рухани байып кететін болады, – дейді театр дирек­торы Нұрлан Ерекешов.

Қазан айында облыс басшы­лы­ғы, қаладағы зиялы қауым өкіл­дері жиналып, театрдың жаңа ғимара­ты­ның құрылысын салта­натты түр­де бастаған болатын. Облыс әкімі Сергей Кулагин көп­шілік алдында театрдың құрылы­сы 2011 жылдың ортасында аяқ­талатынын жеткізді. Күзге қарай қостанайлық көрер­мен­дер жаңа театрда жаңа қойы­лым­дар көре­тін болады.

По сообщению сайта Nur.kz