Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ауылдық округ әкімшілігінің есепшісі тегін бланкілерін сатып ақша тапқан

Дата: 05 января 2011 в 15:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ауылдық округ әкімшілігінің есепшісі тегін бланкілерін сатып ақша тапқан

Ауылдық округ әкімі аппаратының есепшісі арыз жазу бланктерді сатумен айналысқан.

Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округы әкімі аппаратының есепшісі мекен-жайлық әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысын алуға арыз жазу үшін арналған бланктарды сатумен айналысқан.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманың қадағалануын тексеру барысында облыстық прокуратура анықтағандай, балалар жәрдемақысын алуға арналған бланктерді ол 100 теңгеден, ал мекен-жайлық әлеуметтік көмек бланкілерін 60 теңгеден сатқан. Ал ол бланкілер заң бойынша тегін таратылуы тиіс еді.

Тексеру барысында Байбосынованың өзі айтқандай, бланктерді сатудан түскен ақшаны ол принтер картриджін толтыруға және офистік қағаздар алуға жұмсады-мыс.

2009 жылы ол бланктер сатудан 12 мың теңге пайда көрсе, 2010 жылы ол сома 20 мыңды құрады.

Оның үстіне кеңсе тауарлар сатып алғанын растайтын ешқандай есепшот қағаздары, фактуралар табылған жоқ.

Зайсан аудандық прокурорының ұсынымымен ауылдық округ әкімінің өкімімен жетекші маманға ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тарауының 12 бөлімі бойынша сөгіс жарияланды.

Өз қол астындағы қызметкерлерге бақылауды жөнді жүргізе алмағаны үшін әкім аппаратының бас маманы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

По сообщению сайта Nur.kz