Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Байпақ киіп, жарысты

Дата: 05 января 2011 в 18:00

Байпақ киіп, жарысты

Жаңа Жыл мерекесін Ертіс өңірінің тұрғындары ерекше қызықты тойлауда.

Өскемендегі Комсомол аралында «Қыстың қызығы» спорттық-ойын-сауық шоуы өтті. Өткен күзде Малайзияда аяқтарына 8 сантиметрден биік өкшесі бар туфли киген қыздар жарысқа түскен еді. Тыңнан ойлап табылған бұл күлкілі шоуды дүниежүзі тамашалап, қызыққа батқан болатын.

Өскемендіктер осындай жарыс ұйымдастыру үшін әйелдерге осы аймаққа кеңінен таралған пиманы ұсыныпты. Мереке кезіндегі ең қызықты шоу байпақ киген әйелдердің тайғанақ қармен жүгіріп жарысқаны болды. Бұл байқауға аяғына нағыз қысқы аяқ киім — пима киген кез келген әйелдің қатысуына мүмкіндік болды.

Жарысқа түскендер аяғындағы киізден басылған байпақты сүйретіп, сүріне-қабына 500 метр қашықтықты жүгіріп өткен.

Мәреге бірінші болып жеткендер әкімшілік дайындаған түрлі сыйлықтарға ие болды.

Бұл жерде мәселе сыйлықта да емес, қызыққа жиналған жұрттың мейрамды көңілді өткізуге бір адамдай атсалысқанында болып отыр.

Әйелдер арасындағы «байпақ жарыс» болып жатқанда жастар жағы да қарап қалмады, Өскеменнің жастар парламенті өкілдері Комсомол аралында қардан диаметрі 10 метр, биіктігі 1,5 метрлік «торт» жасады.

По сообщению сайта Nur.kz