Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2015 жылға қарай қазақстандықтар 70-тен астам өмір сүретін болады

Дата: 06 января 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2015 жылға қарай қазақстандықтар 70-тен астам өмір сүретін болады

2015 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын қазіргі 65-тен 70-ке дейін ұзарту. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ең басты мақсаты осы.

Ол үшін ең алдымен, қалалық жерлерден алыс жатқан ауыл халқының сапалы медицинаға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.

Шаһардан шалғайда шоғырланған ауыл халқына соны технологиялық сапалы медициналық көмек келе бастады. Осынау КАМАЗ, соның нақты дәлелі. Отандық өндірушілердің көлігі бүгінгі таңда жылжымалы медициналық кешен қызметін атқарады.

Бір көліктің көмегімен науқасты 6 түрлі маман қарап шыға алады.

Ажар Төлеғалиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент бастығы: — Осы кешенде лаборатория барлық биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Қанның 40 параметрі бойынша тексеріп бере алады. Осы қанның анализі 5-6 минут ішінде жасалады. Немесе рентген бір күнде 40 адам қарайтындай жағдайы бар.

Тіс, көз дәрігері, терапевт қабылдап, ультра дыбыстық зерттеу жүргізіп, рентген суретке түсуге болады. Біртөбе сараптама жасауға қауқарлы зертханасы тағы бар.

Сондықтан медициналық кешеннің көмегімен көптеген себептермен дәрігерге қарала алмай жүрген жандардың денсаулығын тексертіп, ем-домды уақытылы алуларына жол ашылды.

Ажар Төлеғалиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент бастығы: — Скринингтік зерттеу ауруды алдын алу үшін диагностика қою жөнінде көптеген жұмыстар жүргізеді. Репродуктивті әйелдердің арасында кең таралған ауруды анықтауда немесе бастапқы кезеңде диагноз қоюға арналған. Осы мақсатта көптеген мемлекеттік бағдарлама шеңберінде скрининг медициналық қарау жүргізіледі және жаппай ауыл тұрғындарын қарап диагноз қойып, емдеу жүргізіледі.

2010 жылы 14 жылжымалы медициналық кешен шалғай жатқан ауылдарға жол тартты. Биыл тағы 36 көлік солардың қатарына қолсылады. Айту керек, бұл шара – ел халқының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолға алынған ауқымды жұмыстардың бір парасы ғана. Биылғы жылы бастау алатын «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша, 14 вертолет сатып алынады, телемедицина, санитарлық авиация дамиды. Осындай ұтқыр медицинаның көмегімен 2 миллионнан аса адам медициналық тексерістен өтеді.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша, 14 вертолет сатып алынады, телемедицина, санитарлық авиация дамиды.

Назарбек Бейсен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасы: — Жоғарғы сапалы медициналық көмекті өңірлерге жеткізу. Қазір 2 мыңнан астам медициналық көмек әр өңірде көрсетіліп жатыр. Соның 36 проценті ауыл адамдары, ауылдық медицина.

Әсіресе, ауыл халқының медицинаға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мамандар аурулардың алдын алып, ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайтамыз дейді.

По сообщению сайта Nur.kz