Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сенат мәжіліс депутаттарының Конституцияға Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту бойынша түзетулер енгізу туралы ұсынысын қолдады

Дата: 06 января 2011 в 12:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана.6 қаңтар. ҚазТАГ– АйнагүлБекеева. ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында мәжіліс депутаттарының президенттің ҚР Конституциясына тұңғыш президент – ұл лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгертулер енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум белгілеуі туралы ұсынысын қолдады.

Сонымен қатар,сенатпарламенттің тұңғыш президентке үндеуінің және Конституцияға ұсынылған өзгертудің мәтіндерін мақұлдады.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, «ҚР Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» заңның жобасы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы және құрушы — тұңғыш президент Н. Назарбаевтың тарихи миссиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасау, негізгі заңның шеңберінде ұлт лидерінің қоғамдық-саяси мәртебесін мойындау және елдің ары қарай орнықты және кезең-кезеңмен дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Бұрын хабарланғандай, 29 желтоқсанда мәжілісмендер мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа оның президенттік өкілеттіктерін ұзарту мәселесі бойынша референдум белгілеу туралы өтінішпен шыққан болатын.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс. Заңда көрсетілгендей, референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолданады.

31 желтоқсанда бастамашыл топ референдумды қолдаған 300 мыңнан аса қол жинағанын хабарлады.

Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды.

Сондай-ақ, президент бұл ұсынысты кері қайтаруы да мүмкін.

Оң шешім қабылданған жағдайда ҚР конституциясына сәйкес түзетулер енгізіледі. Парламент басым дауыспен (әр палата депутаттарының жалпы санының бестен төрт бөлігінен кем емес) конституцияға осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы заңды қабылдауға тиіс.

Республикалық референдум туралы шешімді президент сәйкес жарлық шығару арқылы қабылдайды, онда талқылауға ұсынылатын мәселенің мерзімі мен тұжырымдамасы белгіленеді. Аталған заң бойынша, референдум оны тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бір ай ерте және үш ай кеш емес мерзімде өткізіледі.

Бастамашыл топтың өкілдері мәлімдегендей, референдум 2011 жылдың наурызында өтуі мүмкін.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы