Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан намысын қорғау үшін бар күшімді саламын — Денис Тен

Дата: 07 января 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан намысын қорғау үшін бар күшімді саламын — Денис Тен

Мен алдағы Азиада ойындарында Қазақстан намысын қорғау үшін бар күшімді саламын. Ванкувердегі олимпиадаға қатысқан, Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спортынан зор үміт артып отырған спортшысы Денис Тен ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.

Бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл қарсаңында спортшы АҚШ-тан Алматыға ұшып келіп, LUXOR мұз аренасының ашылуына қатысқан болатын. Көрермен қауым оның өнерін жылы қарсы алды.

-Денис, құрдастарыңның көбі үлкен өмір табалдырығынан енді аттағалы отыр. Ал сен болсаң халықаралық жарыстарға қатысып, Отаныңның мәртебесі үшін үлкен жауапкершілік арқалап жүрсің. Бұл қандай сезім? Және де Ванкувердегі көрсеткен өнеріңе қандай баға берер едің?

-Әрине, Олимпиада ойындары мен үшін ұмытылмас оқиға болды. Бұған дейін мен тәжірибелі спортшылар мен жаттықтырушылардан осы сайыстар туралы көп естігенмін. Олимпиада чемпионы Ирина Слуцкаяның айтуынша, бұл әлем чемпионаты секілді, бір айырмашылығы — мәртебесі өзгеше. Тағы бір танымал спортшы айтқандай, олимпиада ойындары — қаптаған жарнама мен БАҚ өкілдерінің көптеп жиналатын жері. Олимпиада чемпионы Брайн Бойтано да олимпиадада өнер көрсеткенде оны жай әлем чемпионаты ретінде қабылдау керек деген ой айтыпты. Бірақ мен Ванкуверде болған кезімде бұл жарыстардың ауқымы мен түрлі спорт түрі бойынша жарысқа келген спортшылардың санына таңдандым. Қарапайым қонақүй емес, нағыз үлкен олимпиада қалашығы, жасалған барлық жағдайлар, қаптаған күзетшілер — осының барлығы мен үшін жаңалық болды, мен өзб көзіме сене алмадым.

Мұз айдынына шығар кезде мен жаттығулар кезіндегі қиындықтарды, өзге де проблемаларды ұмытамын. Ванкуверде мен өзіме өзім: бұл Олимпиада, маған бүткіл елім қарап отыр, дейтінмін. Мұхиттың арғы жағында өз отандастарыңды кездестіргенде және өзіңнің екі жүзден астам елдің қатарындағы Қазақстаныңның намысын қорғап жүргеніңді сезінгенде бір көтеріліп қалады екенсің. Ал көпшіліктің арасынан Қазақстан туын көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернеп кететіні де рас. Бұлар мен үшін 2010 жылғы ең тамаша жарыстар болды. Осы жарыстардың бейне көшірмесін жиі қараймын және сол кездердің қызығы мен шыжығы мол сәттерін жылылықпен еске аламын. Әрине ол мен үшін орасан тәжірибе болды. Мен Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Мен өзімнің белгілі фигрурст Евегний Плющенкомен өнер көрсеткенімді мақтан тұтамын. Оның әлемдегі мәнерлеп сырғанаушылардың арасындағы дарындысы екендігі сөзсіз. Олимпиададан кейін Плющенко мені өзінің шоуына шақырды. Оның өнерін тамашалауға зор мүмкіндік алдым және еңбекқорлығы мен өзін өзі ұстай білуіне таң қалдым. Мен үшін әлемнің үздік фигуристерімен бірге өнер көрсету үлкен мәртебе. Мен олардың өз ісіне деген ыждаһаттылығын, талапшылдығын және көрермендеріне деген сүйіспеншілігін байқадым.

— Американдық жаттықтырушымен бірге жұмысыңнан қандай әсер алдың?

— Мен оның басшылығында маусым аралық кезеңде, 2010 жылдың жаз айынан бастап жаттыға бастадым. Шынын айту керек, ол оңай болған жоқ. Маған барлық дерлік техникамды ауыстыруға тура келді. Биылғы маусымдағы жарыстар аса сәтті болған жоқ, оған қарамастан мен өзімнің әлеуетімді пайдалануға тырысып бағудамын. Менен басқа Фрэнк Кэрролдың қол астында фигуристердің үлкен бір тобы жаттығуда. Кей кездері біздің айдынға Олимпиада чемпионы Эван Лайсичик те келеді. Ол кездері біз таңертеңнен кешке дейін оның жаттығуларына куә боламыз, ол тынымсыз жұмыс жасайды, құдды бір робот секілді. Ф.Кэрролдың бос уақыты бола бермейді, бірақ ол маған осы аздаған уақыттарда көп назар аударады. Менің бағдарламам осы маусымда тек техникалық жағынан ғана өзгермей, оған элементтер арасында қызықты да күрделі өтпелер мен ауысымдар қосылды. Қазіргі күнгі мәнерлеп сырғанауда тек күрделі секірулер орындап қана қоймай, сонымен қатар бағдарламаны жолақтар, өтпелер арқылы жүзеге асырып, оның қызықты ете білу басты мақсат. Мұзда сырғанау тек техникалық жағынан ғана қиын емес, сонымен қатар әсемдігімен де ерекшеленеді. Ал бағдарлама барлық жағынан да тұрақты, үйлесімді болуы үшін көп жұмыс жасау қажет. Қазір мен Азиадаға дайындыққа көп уақытымды бөлудемін. Алда төртжылдықтың басты жарыстары — Сочидегі олимпиада да күтіп тұр.

— Сен өзіңнің мектебіңді және қазақстандық жаттықтырушыдан алған білім негізіңді қалай бағалайсың?

— Менің бағыма қарай алғашқы жаттықтырушым Айгүл Қуанышева болды. Мәнерлеп сырғанаудың басты білімін беріп, осы спортқа деген қызығушылығымды оятқан да сол кісі еді. Біраз уақыт өткеннен кейін біз ақылдаса отырып, жаттығуларымды ресейлік маман Елена Водорезованың қол астында жүзеге асыруым керектігі туралы бірлескен шешім қабылдадық. Бұл мен үшін маңызды қадам болды, өйткен сен бір орында тұрмайсың, алға ұмтылып, басқа деңгейде өнер көрсетесің. Қазір менде өмірдегі тағы бір саты — АҚШ-тағы жаттығулар.

— Алдағы Азиадада саған әлемдік элита құрамына кіретін Жапония мен Оңтүстік Кореяның мықты спортшыларымен бәсекеге түсуге тура келеді. Сен ол сайысқа дайынсың ба?

— Шынында да Жапонияның мәнерлеп сырғанау мектебі әлемдегі ең мықтылардың қатарында. Азиадаға кім келетіні белгісіз, бірақ Жапонияның үздік спортшыларының ондығының қатарына кіретін кез келген мәнерлеп сырғанаушының өте мықты екенін білемін. Мен жапониялық көптеген мәнерлеп сырғанаушылармен таныспын, оның ішінде Ванкувер олимпиадасының қола жүлдегері Дайсуке Такахаши да бар. Қазір ол өзінің бағдарламасымен, сырғанау сапасымен таңдай қақтырып жүр. Менің Жапония құрамасында көптеген достарым бар. Мұз айдыны сыртында бізді достық қарым-қатынас байланыстырады. Бірақ жарыстарда біз бәсекелеспіз, сондықтан да Азиадада бізді тартысты бәсеке күтіп тұр.

— Денис, барлық қазақстандықтар сен үшін жанкүйер болады. Біз саған тек табысты өнер тілейміз.

По сообщению сайта Nur.kz