Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ғаббас Қабышұлы. Бар болғыр сұрақ

Дата: 07 января 2011 в 16:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ғаббас  Қабышұлы. Бар болғыр сұрақ

-Менің ертең айтарымды сенің бүгін естуің мүмкін бе?

-Мүмкін.

-Қалайша?

-Ертеңге қалдырмай, кәне, айта бер.

ххх

-«Экономист» деген  кім?

-Ол — саған ақшаны қашан, қалай, қайтіп жұмсау жөнінде ақылды айтып-айтып, ақырында сені де, өзін де ақшасыз қалдыратын маман.

ххх

-Бастық көп сөйлесе не болады?

-Басқалардың соры  көбейеді.

ххх

-Ұрыны заң қорғай ма?

-Жоқ. Ұры қорғайды.

ххх

-Жемқор мен обырдың бір-бірінен айырмасы  бар ма?

-Бар.

-Қандай?

-Жемқор өлерінде тояды, ал обыр өлсе де тоймайды.

ххх

-Қартайғысы келмейтін кісі қартайғанда қайтеді?

-Сайтанға айналады.

ххх

-Қазекем: «Тентектің бір аяғы — сегіз, бір аяғы — тоғыз» дейді, ал суайттың ше?

-Суайттың  бір көзі ашық, бір көзі жабық.

ххх

-Тақ пен портфельдің пайдасы қандай?

-Тақ астыңды, портфель үстіңді қыздырады.

ххх

-Түрмедегі тұтқын мен парламенттегі депутатқа ортақ сезім бар ма?

-Бар.

-Мысалы?

-Тұтқын мерзімінің тезірек  бітуін тілейді, депутат — бітпеуін тілейді.

ххх

-Мақтаншақтың тілі мен жағымпаздың тілін салыстыруға бола ма?

-Мақтаншақтың тілі — құрғақ шүберек, жағымпаздың тілі — дымқыл шүберек.

х х х

-Біраздан бері тілім қышып, пәле болып жүр, ертең емханаға бармасам болмас.

-Қышығаны қалай, сөйлей бергің келе ме?

-Жоға.

-Енді не?

-Ұшы ұйып, кәдімгідей қышиды. Тісіме үйкелесем, ептеп басылады.

-Ә, оған дәрігерлер ештеңе істей алмайды. Анау Алтыбай сөйтіп бір ай ауырды ғой. Әрең айықты.

-Қайтіп?

-Бастығының табанын жалап!

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы