Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ОҚО-ның кәсіби мектептерінде санитарлық талаптар мен тамақтану нормалары бұзылуда – прокуратура

Дата: 07 января 2011 в 16:20 Категория: Здоровье

Шымкент. 7 қаңтар. ҚазТАГ — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіби-техникалық мектептерінде санитарлық және өртке қарсы талап нормалары сақталмайды. Оқу орындарындағы елеулі бұзылушылықтарды ОҚО прокуратурасы аймақтағы кәсіби-техникалық мектептерді тексеру барысында анықтады, деді прокуратурадан.

«Мысалы, Созақ ауданындағы №1-ші лицейде аспазшылар мен асхана мүліктерінің гигиеналық шайындыларынан алынған зертханалық сынамалардан ішек таяқшалары анықталған. №12-ші лицейден де 12 шайынды сынамасы алынып, олардың да 3-еуінен таяқшалар барлығы анықталған», — деді ОҚО прокурорының кәмелетке толмағандардың құқығының сақталуын қадағалау жөніндегі көмекшісі Жәния Әлиханова.

Одан басқа, прокурорлық тексеріс оқушылардың тамақтану нормаларының сақталмай отырғанын анықтады.

Мысалы Бәйдібек ауданындағы №19-шы лицейде және Кентау қаласының №7-ші лицейінде тамақтанудың күн сайынғы нормасы жартысына дейін қысқартылып тасталғаны анықталды. «Бірінші сұйық көженің салмағы 277 грамм болып шықты. Ал ол норма бойынша 500 гр болуы тиіс. Мәзірдегі ет салмағы 50 гр деп көрсетілгенімен зертханалық тексерулер оның салмағы 22 гр екенін көрсетті. 200 гр шәйдің орнына оқушыларға 133 гр шәй берілген», — дейді Ж. Әлиханова.

Барлық бұзушылықтарды прокуратура ерекше қадағалауға алып, ОҚО білім беру басқарма бастығына анықталған кемшіліктерді бір ай ішінде жою бойынша нұсқама берілді. Тексеріс одан соң қайталанады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы