Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Келесі аптада қазақстандық делегация Кувейтте Азиада алауының тұтану рәсіміне қатысады

Дата: 07 января 2011 в 16:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ — Құрамында ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, Астана және Алматы әкімдері Иманғали Тасмағамбетов пен Ахметжан Есімов және басқа да ресми тұлғалар бар қазақстандық делегация дүйсенбі күні, 10-шы қаңтарда, Кувейтке аттанады. Онда 7-ші қысқа Азиа ойындарының алауын тұтандыру рәсімі өтеді, деп Алау эстафетасының дирекция баспасөз қызметінен хабарлады.

Алауды тұтандыру рәсімі 11-ші қаңтарда  Эль-Кувейт қаласының ең басты көрікті жері — «Кувейт-тауэрстің» бөктерінде өтеді.

«Алауды бірінші болып Азия Олимпиадалық кеңес президенті, шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах алып, министр Темірхан Досмұхамбетовке табыс етеді деп күтілуде. Одан соң Эль-Кувейт көшелерімен жүретін шағын эстафетада Алауды азиялық құрылықтың ірі спорт державалары — Қытай, Жапония, Корея және Қазақстан өкілдері алып өтеді», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпараттық баянда айтылуына қарағанда, осы рәсімдер өтетін алаң шығанаққа қараған шағын учаскеде орналасқан. Осы жерден алау алып жүрушілер Алауды мұнараларға, одан соң әуежайға жеткізеді. Одан кейін Алау чартерлік рейспен арнайы тасымалдағыш құтымен Алматыға жеткізіледі. Осы жерден Алау елімізді «аралап» кетеді.

Кувейт Алау тұтандырарлық орын ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ, дейді баспасөз қызметінен. «Азияның Олимпиадалық кеңесінің штаб пәтері дәл осы жерде орналасқан. Бұрындары Азия ойындарында  алауды сол ойындар өткізіп отырған елде тұтандыру дәстүрі болған. Баспатқыда осыған ұқсас бірнеше ұсыныстар айтылды. Мысалы, алауды тұтандыру рәсімін Қазақстанның ең биік нүктесінде өткізу. Бірақ ол алғашқы олимпиадалық дәстүр — алауды олимпиадалық қозғалыс отанында — Грекияда жағу дәстүрінен өзгешелеу болды. Қазақстанның ұйымдастыру комитеті жаңа дәстүрді бастауды ұсынды. Олар Азиада алауын кезінде осы ойындар пайда болған жерден, яғни Кувейттен бастау дәстүрін ұсынды», — делінген хабарда.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы