Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шымкентте электр қуатының тарифі көтерілді

Дата: 07 января 2011 в 16:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкент. 7 қаңтар. ҚазТАГ — Шымкентте  электр қуатының тарифі көтерілді. 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға тариф кВт/сағатына Т11,33, заңды тұлғаларға Т12,97-ге дейін өсті. Ал бұл тариф 2010-шы жылы Т10,23 болған.

Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент директоры Нұрмахан Жолдасов мәлім етті.

«Коммунальдық қызмет тарифтерінің жыл сайын көтерілуіне негіз болатыны — үкімет қаулысы. Мұндай шешімді республика басшылығы былтырғы наурызда қабылдаған», — деді Н. Жолдасоы. Ол аталған қаулы алдағы 5 жыл бойына күшінде болатынын еске салды. Ол энергетиктерге ТМРА-ға тарифтерді көтеру туралы өтінішпен 2015-ші жылға дейін жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл шара, дейді үкіметтегілер, коммуналдық қызмет сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

ТМРА департаменті аталған өтінішті негізді деп таныды. Себебі көтерме нарықтағы электр қуатының бағасы өсті.

«2011-ші жылғы қаңтардан бастап электр қуатын өндірушілер өз өнімдерінің бағасын көтерді. Жамбыл МАЭС-і 2010-шы жылы электр қуатын кВт/сағатын Т6,5 бағамен сатты. Біздің жергілікті жеткізуші «3-ЖылуЭнергоОрталық» бағаны Т4,4-тен Т5,9-ға дейін көтерді», — дейді Н. Жолдасов.

Ондағы бар мәліметтер бойынша, қаңтардың соңына қарай жылуға да жаңа тариф енгізіледі. Ол 2011-шы жылдың екінші жартысына дейін өзгеріссіз қалады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы