Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оңтүстік Қазақстанда қоян жылы қоян шаруашылығына мән берілуде

Дата: 07 января 2011 в 17:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оңтүстік Қазақстанда қоян жылы қоян шаруашылығына мән берілуде

Жаңа жылдың белгісі ретінде жұрт жапа-тармағай қоянның суретін, маскасын, сондай-ақ, оның бейнесіндегі сыйлықтарды сатып алып жатқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы үй қояндарын өсіруді қолға ала бастапты.

Шаруалар үй жануарының бұл түрі сәттілікпен бірге толағай табыс әкеледі деген сенімде. Түлкібас ауданында асыл тұқымды шаруашылық қоянның жылдам көбейетін әрі тез есейетін түрін бағуды бастады. Шаруалар қоян нәзік болғанымен, қайырымды да жануар дейді. Түлкібасқа оларды Ресейден әкелді. Қояндар оңтүстікке тез бейімделіп, жерсініп те кетті.

Шаруашылық қазір көжектердің иншилла, күміс түсті және алып деп аталатын үш түрін өсіріп жатыр. Олардың барлығы жылдам өсіп жетілетін тұқымнан. Небәрі 4 айдың ішінде көжектер 5 келіге дейін салмақ қосады. VIP-үйшіктер деп аталатын шағын қораларды мекен етіп жатқан оларға барлық жағдай жасалған. Жем-шөбін беру, астын тазалау, үйшіктерді желдету секілді шаруалардың барлығы автоматты түрде атқарылады.

Қоян өсіру өзге тірлікке қарағанда аса табысты іс.

Дәурен Төлендібаев, зоотехник: Бұрынғы кезде қоянды жабық күйде ұстаған. Ішінде қияымен, зәрімен. Оның бәрі етіне сіңіп, зиянды жағдайларға әкеп соқтырған. Ал бұл қояндарымыз өте тазалықты сүйеді. Қиы арнайы ыдысқа түседі. Тұрқына қарамай қояндар өте қомағай келеді. Оларға бір күннің ішінде 80 рет азық беру қажет. Тағы бір ерекшелігі қояндар көжектерін 4 айға дейін ана сүтімен қоректендіреді. Сондықтан да олардың еті жұмсақ әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы.

Таза ет болған соң емдік қасиеті бар. Адам ағзасынан токсиндерді, шлактарды, радияларды шығарады, асқазан-ішек ауруларын емдейді. Адам иммунитетін күшейтеді.

Қанат Сарбасов, қоян өсіру шаруашылығының басшысы: Адам ағзасы 95 пайызға қорытып қабылдайды. Сонан соң бұл экологиялық таза ет болған соң емдік қасиеті бар. Адам ағзасынан токсиндерді, шлактарды, радияларды шығарады. Сонымен қатар асқазан-ішек ауруларын емдейді. Адам иммунитетін суық ауруларына қарсы күшейтеді. Қоян өсіру өзге тірлікке қарағанда аса табысты іс. Оның үлпілдек жүнді терісінің өзіне сұраныс жоғары. Ең бастысы үй жануары жылдам көбейеді. Аналығы бір жылда 40-қа дейін көжек табады. Айтқандай, шаруашылықтағы қояндардың қатары жаңа жылдың бастапқы күндерінде алғашқы көжектермен толықпақ.

По сообщению сайта Nur.kz