Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қостанай облысында киіктердің өлігі табылды

Дата: 08 января 2011 в 09:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қостанай облысында киіктердің өлігі табылды

Қостанай облысында киіктердің өлігі табылды

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында атылған 85 киіктің өлігі табылды. Оның көбі аталық ақбөкендер.

Осыдан екі ай бұрын браконерлердің нысанасына ілінген 84 киік ұшасы табылған еді. Оның да 72-сі текелері болып шықты. Жалпы Қостанай облысында жыл басынан бері 182 бөкен оққа ұшқан.

Сайын дала еркелерінің баудай түсіп жатқандығының басты себебі мүйізінің пайда көзіне айналуы. Бұл киіктің табиғи өсімін тежеуде.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қостанай облысының аумағында қазіргі кезде олардың саны 50 мыңға жетер-жетпес. Және киіктерді жаппай қырғынға ұшыратқандардың ұсталып, жазаға кесіліп жатқандығы шамалы.

Соңғы бір жылда тіркелген сегіз оқиғаның біреуі бойынша ғана кінәлі адам анықталған.

Жанкелдин ауданында 85 бөкенді атқан браконерлердің кім екендігі әзірге беймәлім.

Осы оқиға бойынша заңсыз олжалаушылардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 24 миллион тенге.

Ләйла Ерқасымова, Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бас маманы: — Осы оқиға бойынша заңсыз олжалаушылардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 24 миллион тенге. Жасаған тұлға анықталған жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар министрліктен арнайы комиссия құрылып, жұмыстар жүргізуде.

 

По сообщению сайта Nur.kz