Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елена Хрусталева: біздің командамыздың дайындығы мықты

Дата: 08 января 2011 в 14:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елена Хрусталева: біздің командамыздың дайындығы мықты

Азиаданың жақындап қалғаны күн сайын сезілуде. Еліміздің басты спорттық шарасы — 7-ші қысқы Азиада ойындарының басталауына 23 күн қалды.

Дәл қазір спортшыларымыздың барлығы Азиада-2011 ойындарына қызу дайындалуда, сонымен қатар басқа да сайыстарға қатысып жүр.

Мысалға, биатлон бойынша құрама командамыздың көшбасшысы Елена Хрусталева қазір Еуропада жаттығуда, ал қаңтар айының алғашқы онкүндігінде ол немістің Оберхоф қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңдік жарысына қатысады. Азиада аяқалған соң спортшымыз 1-13 наурыз аралығында өтетін Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы Әлем чемпионаты мен Норвегияда өтетін Әлем кубогының шешуші сатысына дайындығын бастайды.

— Елена, 2011 жылғы Азида ойындарында Қазақстанның үлкен үміт артып отырған бірден-бір спортшысы өзіңіз. Миллиондаған жанкүйерлер алтыннан алқа тағынғаныңызды күтіп отыр...

-Иә, Азиадаға аз ғана уақыт қалды. Жалпы алғанда, командамыз жақсы дайындық үстінде, иығымызда үлкен жауапкершілік бар, жанкүйерлердің барлығы жеңіс күтуде, біз де лайықты дайындалып жатырмыз. Өз басым бұл бәсекеде жеңіске жетуді көздеймін. Менің ойымша, Қазақстанның мақтанар сәттері көп болады. Әрине, біздің ең басты қарсыластарымыз қытайлық биатлоншылар, олар ең үздік ондықтың құрамына кіреді.

-Сіздің олимпиадада алған жүлдеңіз отандық биатлон тарихындағы алғашқы медаль, әйтсе де Сізді кейбір кездері әлі күнге дейін ресейлік спортшы деп атап жатады...

-Мен Ресейде дүниеге келдім, құрамада көп жылдар дайындалғаныммен, айтарлықтай жеңістерге жете алмадым. Сондықтан басқа жерден бақыт іздеймін деп шештім, Беларуста тұрған бір жылдан кейін Қазақстанға келдім. Қазақстанға жаңадан келгенімде негізгі қолдау Қайыргелді Жанпейісов басқаратын Республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі тарапынан болды. Кейін мені Штаттағы ұлттық командалар дирекциясына қосты.

Қазір Қазақстан азаматтығым бар, Ванкувердегі Олимпиададан кейін сыйланған Алматы облысы Қаскелең қаласында пәтерім бар, бірақ әзірге Алматыда тұрып жатырмын. Бұл жер маған ұнайды. Жалпы Алматы қаласы барлық жағынан ыңғайлы, қазіргі заманғы мегаполис, жылы ауа райы, таулары жанында. Күнделікті өмір. Таңертең жаттығуға кетемін, кешке үйге ораламын.

-Сіз Жауынгерлер шатқалында болдыңыз, биатлон мен спорттық бағдарлау жарыстары қай жерде өтетін болды?

— Иә, 2010 жылғы 17-21 қараша аралығында Е.Хрусталеваның жүлдесі үшін биатлоннан өткен бірінші Ашық республикалық сайыстар жеңімпаздарын марапаттау кезінде барғанмын. Бұл жарыс алғаш рет өткізілді. Жас спортшы қыздар мен балаларды марапаттадым. Мен үшін бұл өте құрметті әрі жауапты іс.

-Стадион сізге әсер қалдырды ма? Бірегей спорт нысанына қатысты не айтасыз?

— Ол жердің табиғаты өте әдемі, аумағы мен кешені үлкен, нысана көздейтін алаңы бар, мен ол жерге күз мезгілінде барғанда, жұмыстардың барлығы аяқталып қалған болатын. Тамаша әсер алдым. Менің білуімше, тек қана Америкада ғана осындай стадион бар. Ал ТМД ішінде бұндай стадиондар жоқ екені анық.

— Спортпен қанша уақытқа дейін шұғылданамын деген жоспарыңыз бар? Жаттықтырушы жұмысы жайлы ойланып көрген жоқсыз ба?

-Оны уақыт көрсетеді. 2014 жылы Сочиде өтетін Олимпиадаға дейін спортпен шұғылданарым анық. Ал кейін хал-жағдайыма байланысты көреміз. Қазір мен осы күніме қуанамын, әлемде, әсіресе спорт әлемінде бәрі ауыспалы, сондықтан алысқа жоспар құрмаймын. Ал жаттықтырушы жұмысына келетін болсақ, көп күш-жігер мен ылғи да сапарда жүруді қажет ететіндіктен, команданың бас жаттықтырушысы болуды көздемеймін.

Ал балаларды жаттықтыру мәселесі бойныша ойланып көруге болады, әзірге нақты ештеме айта алмаймын. Өкінішке орай, Қазақстанда балалардың биатлон кешені жоқ, ал жемісті жұмыс істеу үшін ондай кешен міндетті түрде қажет. Жаңа спорт нысандарының бой көтеруі әрине, жақсы, алайда үйдің, мектептің жанында орналасатын балаларға арналған спорттық кешендер де қажет. Біз ел құрамасы үшін болашақ спортшыларды басқаша қалай дайындай аламыз?

-Сізге үлкен жеңістер тілейміз!

По сообщению сайта Nur.kz