Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарағанды облысында полицейлер Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті

Дата: 08 января 2011 в 18:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды облысында полицейлер Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті

Қарағанды облысында полицейлер жолда бұзылып қалған «Павлодар-Сарыағаш» халықаралық бағыттағы автобустың 68 жолаушысын құтқарды, олардың дені Өзбекстан азаматтары екен, деп хабарлады бүгін облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оның хабарлауынша, 7 қаңтарда 20 сағат 00 минутта Қарағанды облысының Осакаров ауданының жер аумағындағы «Павлодар-Қарағанды» тас жолында Молодежный поселкесінен 35 шақырым қашықтықта артқы шассиінің ақауына байланысты Павлодардан Оңтүстік Қазақстан облысына жол тартып бара жатқан «Мерседес» автобусы тоқтап қалуға мәжбүр болды.

«ОҚО Сарыағаш қаласының 38 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан автобуста 68 адам болды.

Оның ішінде көші-қон құжаттарына сәйкес Ресейдің Новосібір қаласынан келе жатқан 65 өзбек азаматы да болды.

Жолаушылар жол бойындағы Молодежный поселкесінің мейманханасына орналастырылды. Қазіргі уақытта автобусты жөндеуден өткізіп, жолаушыларды жөніне жіберу мәселесі шешілуде», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

По сообщению сайта Nur.kz