Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Иорданияда бірқатар кездесулер өткізді

Дата: 09 января 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Иорданияда бірқатар кездесулер өткізді

2011 жылдың 3 қаңтарында Аммандағы Қазақстан Республикасының елшілігі бастамасымен Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайым Иорданияға жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Осы сапары барысында Иордан Хашимид Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Тахер Әл-Масримен кездескен ректор Еуразия ұлттық университетінің Иорданияның жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Негізінен студент, магистрант алмасу бағдарламасын жүзеге асыру және оқытушылардың ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар екі жақты әріптестік байланысты нығайту мақсатында Иорданияның жоғары оқу орындары ректорларының форумын Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізу мәселесі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Тахер Әл-Масри ЕҰУ-ге арнайы ат басын бұрып, студенттерге арнап дәріс оқып, университетіміздің Құрметті профессоры атанған еді.

Иордан Хашимид Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Тахер Әл-Масри Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы абыройын ерекше атап өтіп, 1-2 желтоқсан аралығында Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтты.

Сонымен қатар ядролық технология, су ресурстарын басқару жүйесі, инжиниринг, биотехнология, ақпараттық жүйелерді басқару және бағдарламалау мәселелері Иорданияның Ғылым және технология университетінің Президенті, доктор Уаджих Оуайспен кездесу барысында талқыланды. Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.

Алдағы уақытта Иорданияның Ғылым және технология университеті қазақстандық магистранттарды тағылымдамадан өткізетін болады.

Осы сапары барысында Бақытжан Әбдірайым Петр университетінің Президенті, доктор Аднан Бадран және осы оқу орнының Ғылыми Кеңесі мүшелерімен кездесті. Петр университетінің Президенті, доктор Аднан Бадран қазақстандық ғылымның жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол Еуразия ұлттық университетінің халықаралық QS агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша әлемнің ең үздік 15 мың жоғары оқу орындары арасынан топ жарып, 451-нші орын алғанын да айтты.

Қос дипломды білім беру жүйесі бойынша магистрант алмасу және кітапхана арасындағы байланысты жақсартып, ақпарат көздерімен алмасу туралы келісімге келді

Тараптар осы кездесу барысында өзара тиімді әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойып, қос дипломды білім беру жүйесі бойынша магистрант алмасу және кітапхана арасындағы байланысты жақсартып, ақпарат көздерімен алмасу туралы келісімге келді.

Амман-Араб университетінің докторы Сайд Ат-Талем және осы оқу орнының Басқарма Төрағасы доктор Баян Абдульхак ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайыммен екі жақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Осы кездесу барысында олар осы жылы Амман-Араб университетінің базасында Қазақ мәдениеті мен тілінің орталығын ашу туралы келісімге келді. Осы келісімдердің нәтижесінде ЕҰУ магистранттары Амман-Араб университетінде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Осы сапары барысында ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайым Иорданияның экс-Премьер-министрі және осы елдің үкімет мүшелері мен 30-ға жуық сенаторларымен кездесіп, «Король Хусейн» клубында Парламент Сенатының Төрағасы Тахер Әл-Масридің ұйымдастыруымен өткен түскі асқа қатысты.

Қазақстанның ұлтаралық келісім, экономиканы, білім және ғылым саласын модернизациялаудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.

Иорданиялықтар еліміздің ұлтаралық келісім, экономиканы, білім және ғылым саласын модернизациялаудағы жетістіктерін және халықаралық интеграциялық процестегі Қазақстанның ролін ерекше атап өтті.

ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайымның Иорданияға ресми сапары Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етуі қарсаңында Қазақстанның араб елдерімен арадағы қарым-қатынасын нығайту мақсатында атқарылған жұмыс аясында ұйымдастырылды.

 

По сообщению сайта Nur.kz