Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Руслан Меделбек. Өзбектер мен әзербайжандар алдымызды орап кетті

Дата: 10 января 2011 в 04:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Руслан Меделбек. Өзбектер мен әзербайжандар алдымызды орап кетті

Ресейлік «Весь спорт» агенттігі 2010 жылдың спорттық қорытындысын шығарды. Егер дәл биылғы жылы жазғы Олимпиада ойындары өтсе, әлем елдері қандай жетістікке қол жеткізеді? Міне, осы сауалға жауап іздеген  агенттік қызметкерлері біраз қажетті статистикалық мәліметтерді ұсынып, тек Олимпида бағдарламасына енетін спорт түлерінен кесте түзіпті.  Тізім жарияланысымен, Қазақстанды іздедік... Көз жүгірте... Иран, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия... Міне, Қазақстанды да таптық-ау... 2 алтын, 7 қола...  37 орын. Көңіл түсіп кетті. Шынымен, биылғы жылы біз бар болғаны екі алтын алыппыз әлемдік сында... Мая Манеза мен Светлана Подоведованың еншісіндегі екі алтын ғой бұл. Ал 7 қола ше? Үш қола балуандарға тиесілі: Нұрмахан Тыналиев пен Алмас Кебіспаев (грек рим күресі), Абдулхамит Шапиев (еркін күрес). Теннистен әлемдік қорытынды сында бақ сынаған Ярослава Шведованың қоласын есептепті орыс әріптестеріміз. Бұл жүлделерге мерген Вячеслав Подлесныйдың бір қоласын қосыңыз. Қалған екі қола 2009 жылы өткен әлем чемпионаттарының нәтижесінен алынған: Серік Сәпиев (Бокс) және Арман Шылманов (таэквондо). Себебі, бокс пен таэквондодан 2010 жылы әлем чемпионаттары өткен жоқ. Егер былтырғы жылы Олимпиада ойындары өткенде Қазақстан құрамасының нәтижесі осындай болар ма еді кім білсін? Бұл ретте оқырман қауым, Ольга Рыпакованың жабық алаңдағы алтыны қайда дер. Жазғы Олимпиада жабық алаңда өтпейді. Сондықтан Ольганың алтыны есепке алынбапты.

Олимпиадалық спорт түрлерінен өткен ӘЧ қорытындысы-2010

(302 жұп жүлде)

Алтын жүлде бойынша

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы