Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Айқап» журналына – 100 жыл!

Дата: 10 января 2011 в 09:10

«Айқап» журналына – 100 жыл!

Қайрат Сақ: «Халықты оятып, санасын көтеру жолындағы «Айқап» журналының рөлін ерекше атап өтуіміз керек.

Қазақ баспасөзі тарихында азаттық, елдік тақырыптарын қозғап, бірқатар Алаш қайраткерлерінің мақалаларымен ұлт мүддесін күйттеген «Айқап» журналына алдағы қаңтар айының 12-сінде 100 жыл толады. Айтулы датаға орай, «Аманат» пікірсайыс клубы «Қазақ баспасөзі: кешегісі мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Бұл шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, журналист Жарасбай Сүлейменов, қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші ғалым Қайрат Сақ, «Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәжімұрат, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Халық сөзі» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, белгілі журналист Дәулетхан Қыдырбайұлы, тарихшы Данагүл Махат, т.б. қатысты.

— Биылғы жыл қазақ үшін айрықша атап өтетін жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басып отыр, ұлтымыздың бұл торқалы тойын «Айқап» журналының 100 жылдығын атап өтуден бастасақ, бұны шындығында да Тәуелсіздігіміздің берген жетістігі деп қарастырған жөн» — деп сөз бастады Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, ғалым Қайрат Сақ: «Халықты оятып, санасын көтеру жолындағы «Айқап» журналының рөлін ерекше атап өтуіміз керек. Себебі 1911 жылдың 12 қаңтарында бірінші нөмірі шыққан журнал ұзақ мерзім бойы, яғни 1915 жылдың қыркүйегіне дейін шығып тұрған.

Сол себепті оның қазақ баспасөзінің қалыптасуына, іргетасының берік қалануына негіз болған басылым ретінде маңызы зор. Сондай-ақ баспасөз тілінің, форматының, БАҚ қызметкерлері корпусының қалыптасуына да «Айқап» журналының қосқан үлесі айрықша» деп ойын түйіндеді.

Ахмет Байтұрсынов: «Қай ұлттың баспасөзі мықты болса, сол ұлттың өзі де мықты»

Депутат Жарасбай Сүлейменов ұлттық мүддені қорғап, идеологияны жүргізудегі баспасөздің маңызына ерекше тоқталды. Өз кезегінде ол: «Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсыновтан қалған: «Қай ұлттың баспасөзі мықты болса, сол ұлттың өзі де мықты» деген сөзі бар. Кезінде Наполеон да: «Мың жау әскерінен гөрі, жатпиғылды төрт газеттен көбірек қорқу керек» деген екен... Қолда бар деректерге сүйенсек, қазір республикада 2994 бұқаралық ақпарат құралы болса, оның ішінде 1860 газет, 863 журнал, 252 телерадиокомпания бар. Оның үстіне, бүгінде көршілес Ресейден келетін 5248 газет-журнал тағы қосылады.

Есептеп көрсеңіз, елімізде тарайтын 8000-ға жуық бұқаралық ақпарат құралының 7551-і орыстілді, 453-і ғана қазақ тілінде екен.

Сонда ел аумағында тарайтын қазақтілді БАҚ-тың үлес салмағы 6 пайызға да жетпейтін көрінеді. Мұндай жағдайда қандай ақпараттық қауіпсіздік жайлы сөз қозғауға болады?» деп алаңдаушылығын білдірді.

«Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәжімұрат кеңестік заманмен салыстырғанда, бүгінде сөз бостандығы барын айта келе: «Бәрінен де іште отырған цензура жаман екен. Ал ол редактор ішінде отырса, бұл екі есе трагедия» — деген ойын білдірді. Белгілі журналист Дәулетхан Қыдырбайұлы: «Құдай бұйыртса, әне-міне дегенше, Тәуелсіздіктің де 20 жылдығына да келіп жеттік. Қазақ тәуелсіздігін қазақ баспасөзі, ақпарат құралдары қалай беріп, көрсетуі керек дегенде, тек тілдің ұшымен қимылдамай, жүрегімізбен сезіп, тереңде жатқан патриоттық сезімді оятатындай дүниелерді елге бере аламыз ба?» деген сауалды төтесінен қойып: «Шыны керек, бүгінде қазақтілді БАҚ-тардың ресми тілдегі ақпарат құралдарынан көш ілгері екенін айта кету жөн шығар. Ресми тілдегілер белгілі бір шараларды ақпараттық тұрғыдан берумен ғана шектеледі, ал біздің қайсымыз болсақ та, бәріне де мемлекеттік тұрғыдан қараймыз» деп қазақ журналистерінің еңбегіне жоғары баға берді.

Айтулы жиында «қап, ай» деп өкініп қалмас үшін өткеннен сабақ алып, бүгінгі қазақ журналистерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға, БАҚ сапасын көтеруге, өзара ынтымақтастықты бекіте түсуге атсалысу қажеттігі де тілге тиек етілді. Қайрат Сақтың айтуынша, алдағы уақытта Гумилев атындағы ұлттық университеттің журналистика және саясаттану факультетінде «Айқап» журналының 100 жылдығына орай арнайы шара ұйымдастырылмақ.

 

По сообщению сайта Nur.kz