Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 мың ағаш!

Дата: 10 января 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 мың ағаш!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 мың ағаш!

Алматы облысының әкімдігі мен Алматыдағы «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, облыс көлеміндегі әр ауылдық округте 20 мың ағаш отырғызу туралы игі бастама көтерді.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде бас қосқан жасыл желек жанашырлары осылайша ағынан жарылды. Алматы облысы әкімдігінен айрықша қолдау тапқан «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің қоян жылындағы оңды бастамасы кейбір кемшіліктің орнын толтыруға септігін тигізеді-ау, деген жылы үміт көкейге ұялады.

— Егер біз халқымыздың, әсіресе, болашақ ұрпағымыздың денсаулығын ойлайтын болсақ, онда ең алдымен, экологиялық жағдайдың, алуан түрлі табиғат факторларының кесірінен құрып бара жатқан жасыл желекті қалпына келтіруіміз қажет. Міне, сондықтан да біздің бірлестік табалдырықтан жаңа аттаған қоян жылында «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына — 20 мың ағаш!» деген бастама көтеріп отыр.

Бұл бастаманы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов мырза өзі бас болып, жан-жақты қолдады.

Сөйтіп, біз жаңа жылда осы облыстағы ауылдық округттерге тәуелсіздіктің 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында, олардың әрқайсысында 20 мың тал-дарақ егейік деген ұран тастадық. Алла бұйыртса, үстіміздегі жылы көктемде осындағы әрбір округтің басшылары мен тұрғындары бір кісідей атсалыса отырып, елді мекендерде кем дегенде 20 мың ағаш отырғызуды қолға алмақ. Бір қуантатыны, бұл іске облыс көлеміндегі барлық әкімқаралар, әкімдік қызметкерлері қол ұшын беріп, әрқайсысы жеке-жеке көшет отырғызуға бел байлап отыр.

Бұл — келешек ұрпақтың таза ауада ауру-сырқаусыз, аман-есен өмір сүруі үшін өте қажет.

Егер біз ертеңімізді бүгіннен ойлмасақ, онда кеш болады. Міне, сондықтан да біз маңызды іске бел шеше кіріспекшіміз, — деді бізге «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Әліпбекқызы. Иә, бұл бағытта дүниежүзінде таңдай қағып, тамсанып, үлгі-өнеге алатын жақсы іс-шаралар, қалыптасқан дәстүрлер де баршылық. Мысалы, жері құм мен қиыршық тасты болып келетін Араб елдерінің бүгінгі күні адам айтса нанғысыз керемет жасыл желекке бөленуі, кім-кімге де ой салуы тиіс. Бұл сол ел азаматтарының елінің ертеңін, баласының болашағын ойлағандығынан. Ол — ол ма, әлемдегі «бармақтай» ғана елдің бірі -

Филлипинде сол елдің азаматы болып саналатын әрбір адам жылына кем дегенде 5 — 6 тал ағаш отырғызуға міндетті екен.

Ал дәл осы шараны жүзеге асырмаған тұрғын, елде қабылданған заң бойынша азаматтығынан айырылатын көрінеді. Ал бізде ше?.. Басқа аймақтарды айтпағанның өзінде, жер жәннаты саналатын Жетісудың өзі соңғы уақытта жасыл желегінен біртіндеп айырылып, бастапқы сұлулығын жоғалта бастады. Бұл немқұрайлық па, жоқ әлде, сана-сезімнің төмендігінен бе?..

Егер біз болашақты ойлайтын болсақ, алдымен, өзінен адамның өмірі үшін азон бөліп шығаратын тал-дарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптар едік.

Бұл сұрақтың жауабын басқа емес, «туған табиғатты сақтайық!» деп жылдар бойы шыр-пыр боп жүрген «Табиғат» экоодағының төрағасы Мэлс Елеусізов: — Бұл — біздің тек бір күнмен ғана өмір сүретіндігіміздің салдары. Егер біз болашақты ойлайтын болсақ, алдымен, өзінен адамның өмірі үшін азон бөліп шығаратын тал-дарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптар едік. Бірақ, бұған мойнымыз жар бермей отыр. Неліктен? Соңғы жылдары біздің халық ақша «қуып», басқаны ұмытып кетті. Бір ғана мысал, біздің табиғат жанашырлары Алматыда және тысқары аймақтарда соңғы жылдардың өзінде сан мыңдаған тал-терек отырғызды. Өкінішке қарай, жергілікті әкім-қаралардың, жауапты қызметкерлердің әлгі талдарды суаруды жүйелі түрде ұйымдастырмауынан олардың барлығы қурап қалды. Мен осы бастаманы қолдап қана қоймай, әрбір тал-теректің бәйтерекке айналуына қамқорлық жасай білейік дегім келеді, — деді.

Дәл осындай пікірді жиынға қатысушылардың басым көпшілігі сан түрлі мысалдар келтіре отырып айтты. Алайда басты мәселе — ел болып қолға алынғалы жатқан баянды бастаманың аяқсыз қалмауы! Ол үшін барлығымыз болашақтың ісіне осы бастан бел шеше кірісіп, тал-дарақтың адам баласы мен жан-жануарлар үшін қаншалықты қажет екендігін ойлағанымыз абзал!

По сообщению сайта Nur.kz