Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2011 жылы барлық мемлекеттік органдардың қызметіне бағалау жүргізіледі

Дата: 10 января 2011 в 12:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2011 жылы барлық мемлекеттік органдардың қызметіне бағалау жүргізіледі

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2011 жылы барлық орталық мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүргізіледі.

Бұл туралы Қазақстан Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылдың қорытындысына және алдағы даму жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Мемлекет басшысы өзінің 2010 жылғы Жолдауында: Еліміздің даму жоспарының шешуші фактордың бірі мемлекеттік аппараттың тиімділігі. 

«Мемлекет басшысы өзінің 2010 жылғы Жолдауында еліміздің алдағы 10 жылдыққа даму жолдарын айқындап берді. Елбасы атап көрсеткендей, әлемнің жетекші елдерінің прогресі тек 30 пайызға ақшаға тәуелді. Шешуші фактордың үштен бірі — дұрыс стратегияға, ал қалған үштен бірі — мемлекеттік аппараттың тиімділігіне байланысты.

Сондықтан мемлекеттік орган қызметінің еліміздің даму көрсеткішіне ықпал ету дәрежесін анықтау мақсатында, Елбасының Жарлығымен «Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі» әзірленіп, бекітілді»,-деді ол.

Ж. Қасымбектің пайымдауынша, аталмыш жүйе мемлекеттік органдардың жұмысын әділ бағалауға мүмкіндік беретін болады. Бағалау 6 бағыт бойынша жүргізіледі. 2010 жылы жүйе тәжірибе ретінде екі орталық мемлекеттік орган мен бір жергілікті атқарушы органда сынақтан өткізілді.

«Ал 2011 жылы барлық орталық мемлекеттік органдар аталмыш бағалардан өтетін болады»,-деп атап өтті ол.

По сообщению сайта Nur.kz