Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Р.Жүніс: Астанада М. Жұмабаевқа арнап ескерткіш орнату қажет

Дата: 10 января 2011 в 13:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Р.Жүніс: Астанада М. Жұмабаевқа арнап ескерткіш орнату қажет

Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылжар қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 90 жылдық мерейтойы өтіп, мерекелік шара аясында ақынға арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсім болды.

Осыған орай біз торқалы тойдың құрметті қонағы болған ҚР Журналистер одағының мүшесі, Мағжан Жұмабаев өмірін зерттеуші Роза Жүніспен жолығып, әңгімелескен едік Сөз басында айта кетерлігі, 1929 жылы «Алқа» атты жасырын ұйым құрды деген жалған айып тағылған М. Жұмабаев Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.

Дегенмен, 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралған М. Жұмабаев Қызылжар қаласындағы жоғарыда аталған бір ғасырға жуық тарихы бар колледжде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген еді.

— Барын берген Барыс жылы Қазақ халқы үшін жеңісті әрі жемісті жыл болды. Жер шарының талай мемлекеті дағдарыс қамытын кейіп, даурығып жатқанда біздер бір жылдың ішінде 150-ден астам ірі кәсіпорынды іске қосып, экономикамызды өркендетуге бел шеше кірістік, — деп бастады сөзін Р. Жүніс. — Өткен жылдың басынан беделі мен мәртебесі жоғары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалық тізгінін қолға алып, 1-2 желтоқсан күндері 11 жыл бойы өтпеген саммитін ұйымдастырдық.

Ресей мен Беларус елдерімен Кедендік одақ құрып, бірыңғай экономикалық кеңістігімізді ұлғайттық. Мерейлі мерекеміз, елдігіміз бен егемендігіміздің тұғыры Тәуелсіздігіміздің 19 жылын атап өттік. Міне бұның барлығы да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі деп білемін».

«Жалпы өткен жылдың желтоқсан айы халқымызға табысты болды десек артық айтқандық емес», — деп әңгімесін жалғаған Роза Нұрмаққызы, Тәуелсіздік күні мен Қызылжар қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 90 жылдық мерейтойы ерекше есінде қалғанын баса айтты.

По сообщению сайта Nur.kz