Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

50 мың теңге пара ұсынған азаматты 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Дата: 10 января 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

50 мың теңге пара ұсынған азаматты 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Батыс Қазақстан облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Л.Губзаевқа қатысты қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Ақлима Бүркітбаеваның хабарлағанындай, 2010 жылғы наурызда Орал қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы И. деген азамат Л.Губзаевтің 138 мың теңге көлемінде автокөлік құралдарына салық төлемдері бойынша берешегінің барын анықтаған.

Қызметтік міндеттеріне сәйкес бас маман аталған азаматқа салықтық берешегін өтеу туралы мәлімдемені табыстау үшін оны салық басқармасына шақыртқан. Л.Губзаев болса мәлімдемені алғандығы жөнінде қол қоюдан бас тартып, өзіне тиесілі автокөлікке салық сомасын төмендету үшін бас маманға 50 мың теңге мөлшерінде пара бермекші болған.

Салық инспекторы лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде Л.Губзаевқа ескертсе де, ол алған бетінен қайтпаған. Ақыры инспектор БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне арыз жазып, 2010 жылғы 31 наурызда Л.Губзаев салық басқармасы инспекторына 50 мың теңге пара беру үстінде ұсталды.

Аталмыш факті бойынша Л.М.Губзаевқа қатысты ҚР ҚК 312-бабы 2-бөлімі бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғалып, айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді. Орал қалалық соты Л.М.Губзаевты кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айырды.

По сообщению сайта Nur.kz