Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәжіліс депутаты С. Тоқпақбаев: Бөкей ордасы қаланғанына 210 жыл толғалы отыр

Дата: 10 января 2011 в 13:50 Категория: Новости политики

Мәжіліс депутаты С. Тоқпақбаев: Бөкей ордасы қаланғанына 210 жыл толғалы отыр

Қазақстандағы тарихи орындардың бірі — Орда аулы. Ол Бөкей ордасы ауданында орналасқан. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өңірдің тарихы тереңнен бастау алады. 

1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп, қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында Жарлық шығарып, Бөкейге рұқсат береді. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп, қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланған.

Орда қаласы Бөкейұлы Жәңгір хан тұсында көркейіп, өнер мен мәдениет, білім және сауда орталығына айналады.

Жәңгір Ордада 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашады.

Осы өңірден шыққан ғұлама ғалымдар осы мектептен білім алған.

Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевқа жолыққанымызда Орал қаласында, одан әрі Орда аулында болғанын айтып берді.

— Сәт Бесімбайұлы, Сіз шетелдерге іссапарға шығып жүрсіз. Еліміздің әр өңірінде болып, тарихымен, табиғатымен жақынырақ таныстыңыз. 1991 жылдары Батыс Қазақстан облысына арнайы сапармен барған екенсіз. Осы туралы айтып берсеңіз?

— Мен ол кезде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары едім. Кеңес Одағы тарап, әркім әр жаққа тартып жатқан кез. Одақ құрамында болып келген республикалардың тәуелсіздік алу мәселесі күн тәртібінде тұрған уақыт. Сол тұста Ақ Жайық өңіріне арнайы іссапармен барып едім. Орал қаласындағы жұмыстарымыз оң шешімін тапқан соң, облыстың жағдайымен жақынырақ танысайын деп, аудандарын аралап көруді жөн деп таптым. Әсересе, тарихи орындарын көргім келді.

— Қай ауданға бардыңыз?

— Облыс орталығынан 500 шақырым жерде жатқан Орда ауданының Орда ауылына жол тарттым. Бұл Бөкей ханның 1801 жылы Патшаға айтып жүріп, жарлығын шығартып, бос жатқан жерді сұрап алған мекені екен. Кейін Бөкейдің ұлы Жәңгір хан қала салып, Орданы, сол өңірді өркендеткен екен. Бұрын Жәңгір ханның есімін білуші едім. Ордаға барып, ханның атқарған қызметін көзбен көріп, мен Жәңгірге өте разы болдым. Ол қазақ халқының нағыз патриоты, елдің ертеңгі күнін ойлаған атамыз екен. Үлкен мемлекет қайраткері болған адам. 4-5 тілді меңгерген. Халықты отырықшылыққа үйретіп, мектеп ашып, балалардың білім алуына жағдай жасаған. Жыл сайын үздік бітірген түлектерді өз қаражатымен Орынбордың, Қазанның, Санкт-Петербордың жоғарғы оқу орындарына жіберіп отырған. Патшамен жақсы қарым-қатынас орната білген. Әйелі Фатима да оқыған, бірнеше тіл білген адам болыпты. Дегенмен ХІХ ғасырдың ортасында Ресей қазақ хандықтарын жойғаны тарихтан белгілі. Жәңгір де қазақтың соңғы хандарының бірі.

Орда орманының өзі қандай тамаша! Суы тұщы, жері таза құм топырақты өңірге қарағайдың да өсетінін білген Жәңгір хан орман өсіруді қолға алған екен. Бұл қаланы құм басып кетпеуі үшін де жасалған игі шара екені белгілі. Кейін орман өсіруді ұрпақтар жалғастырған. 1890 жылы Орда орман шаруашылығы құрылыпты. Осы мекеме орманның көлемін жыл сайын арттырып келеді.

Бір ғажабы, Ордаға жеткенше тақыр дала, шөбі күйіп кеткен қырлық болып келеді. 5-10 шақырымдай қалғанда алдыңнан көкпеңбек орманның баурайында тұрған ақ шаңқан үйлері бар ауыл көрінеді.

Жәңгір ханның аруағы риза болсын. Халқымыздың, еліміздің өркениет жолына түсуіне сіңірген еңбегін бүгінгі ұрпақ ұмытпайды. Есімін құрмет тұтады

Ордада болып, ауасымен тыныстап жүріп: «Жәңгір ханның аруағы риза болсын. Халқымыздың, еліміздің өркениет жолына түсуіне сіңірген еңбегін бүгінгі ұрпақ ұмытпайды. Есімін құрмет тұтады» деген ойға келдім.

Орданың тарихи орындарын аралап көрсең, өлке тану мұражайына барсаң, еліміздің өткен күнінен көп мағлұмат аласың. Бұл өңірден шыққан әйгілі адамдар да өте көп. Соның барлығы Жәңгір ашқан мектептің түлектері. Ақындар мен күйшілер, батырлар туып-өскен мекен. Ордада біздің Шоқан секілді Мұхамед-Салық Бабажановтай этнограф, ағартушы ғалым дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш генералдар да осы Ордада туған. Ғұбайдолла Бөкеев, Шәкір Жексенбаев, Бисен Жәнекешов сынды әскери қайраткерлер болған. Саяси қайраткер Алма Оразбаева, Кеңес Одағының Батыры, шығыстың жұлдызы Мәншүк Мәметова да Ордада туған.

Алайда, Орда өңірінің бастан кешіп отырған қиындықтары да бар екен. 1947 жылы Капустин Яр сынақ аймағы ашылған. Ол әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Бұл сынақ кешені көрші Ресей жерінде болғанмен, сынақ жасайтын алаңы Батыс Қазақстанның Орда және Атыраудың Құрманғазы аудандарының территориясы болып отыр. Оған орай 1952 жылы тұрғындарды жаппай көшірген. Елді аздырып, жерді тоздырған полигон жүргізген атомдық сынақтар халықтың денсаулығын да төмендетіп жіберген. Осы жағынан тұрғындарды қолдау мәселесі Үкімет тарапынан шешілгені жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар жол қатынасы өте қиын. Кеңес одағы тараған соң, темір жолмен жүру мүмкін болмай қалыпты. Автокөлік жолын салу жөнінде кешенді бағдарлама іске асса, тарихи киелі мекенде отырған халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсер еді.

1841 жылы өзі ашқан білім ұясы Жәңгір мектебі деп аталып келген екен. Алайда Кеңес өкіметі оны алып тастап, білім ордасына Максим Горькийдің есімін беріпті.

Мен барған соң да, Ордада көп өзгерістер болыпты. Еліміз тәуілсіздігін алғаннан кейін жергілікті тұрғындардың өтініштері ескеріліп, 1999 жылы мектеп қайтадан Жәңгір хан есімімен аталған екен. Орда ауылының солтүстігінде өзі жерленген жерге аппақ кесене орнатылғанын естіп-білдік. Орал қаласындағы Ауыл шаруашылығы институты да қазір Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агроуниверситеті деп аталады.

Менің айтайын дегенім, біз ел қорғаған батырларымызды да, әрбір өңірімізді өркендетуге, халықтың бірлігін сақтауға жағдай жасап, өлшеусіз еңбек сіңірген ақылды хандарымызды құрмет тұтуымыз керек. Сонда тарихымыз да түгенделеді. Өзге жұрт та халқымыздың өткеніне үңіліп, бүгіні мен келешегін мойындайтын болады.

— Рақмет әңгімеңізге.

По сообщению сайта Nur.kz