Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Air Astana басшысы Алматыда екінші әуежай салу мәселесін қарастыруды ұсынды

Дата: 10 января 2011 в 16:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостер Алматыда екінші әуежай салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

«Бәріміз осы қаланы, әуежайдың қалай орналасқанын жақсы білеміз, бұл проблема бізге таныс, өкінішке орай ол өздігінен шешілмейді, үнемі алдымыздан шығып отырады», — деді П.Фостер дүйсенбі күні көлік және коммуникация министрлігіндегі (ККМ) алқа отырысында.

Оның пікірінше, «болашақта бұл проблеманы шешудің жалғыз жолы балама аэродром туралы мәселені қарастыру болады».

«Естеріңізде болса, 10 жыл бұрын қаланың солтүстігінде Қапшағай жолының бойында жаңа аэродром салу туралы мәселе көтерілген болатын. Осы жоспарға оралатын уақыт келген сияқты», — деді П.Фостер.

Еске сала кетейік, ККМ-нің алқа отырысында депутаттар Air Astana компаниясы жолаушыларға рейстерінің кешігуі және ұшақтардың ұшуы туралы дер кезінде ескертпейтінін айтқан болатын.

Air Astana — «Самұрық-Қазан» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен ағылшынның BAE Systems компаниясының ( 51% және 49%) бірлескен кәсіпорны.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы