Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сенатор Имашев Конституцияны референдум арқылы өзгерту ҚР заңнамасына қайшы емес дейді

Дата: 10 января 2011 в 16:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ — ҚР Конституциясын президент өкілеттіктерін ұзартуға қатысты референдум арқылы өзгерту мүмкіндігі — қолданыстағы заңнамаға арқа сүйейді, деп есептейді сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Берік Имашев.

«... Егер президент, парламенттің Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізуді референдумға шығару туралы  ұсынысын қабыл алмаса, онда парламент Конституцияның 91-ші бабы  1-ші тармағына сәйкес, әр палатадағы депутаттардың жалпы санының бестен төрт бөлік басым дауыспен Конституцияға осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы заңды қабылдай алады», — деді дүйсенбі күні Б. Имашев.

Бұл ретте ол «біздің қолданыстағы заңға арқа сүйей отырып, дәлірек айтқанда, Конституция нормалары мен «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға арқа сүйей отырып, «заңтанушы ретінде» түсініктеме беріп отырғанын атап көрсетті.

Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 17-ші бабының 1-1 тармағында да осындай нормалар бар.

«Осыдан келіп, парламент республикалық референдумда ҚР тұңғыш президенті — ұлт лидерінің өкілеттіктерін ұзарту туралы Конституцияға өзгертулер енгізу мәселесін қарастыра алады деп айта аламын», — деді сенатор.

Б. Имашев «бұл мәселе палаталардың бірлескен отырысында қаралуы тиіс» екенін қосып айтты.

Бұрын хабарланғандай, палаталардың бірлескен отырысы 14-ші қаңтарға тағайындалған. «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» тиісті өкімге мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов  қол қойды. 6-шы қаңтарда қол қойылған құжат сенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.

Өкімде күн тәртібі айтылмайды. ҚазТАГ-тың парламенттегі дереккөзінің мәліметтерінше, депутаттар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 6-шы қаңтарда қол қойған,  парламенттің Қазақстан Конституциясына президенттің өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзартуды қарастырған өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін республикалық рефрендумға шығару туралы ұсынысын  қабыл алмайтындығы жөніндегі жарлығын  қарайды. Мемлекет басшысы 6 қаңтарда қол қойған жарлық жұма күні ресми баспасөзде жарияланды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы