Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бір автокөліктің ішіндегі 8 адам бірдей опат болды

Дата: 10 января 2011 в 19:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бір автокөліктің ішіндегі 8 адам бірдей опат болды

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 7 қаңтарда Орал қаласында №12 бағыт бойынша қатынайтын «ПАЗ-32054» автобусының жүргізушісі жүргіншілер өткелімен кетіп бара жатқан 1959 жылғы ер адамды қағып өткен. Соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Дәл осы күні Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылынан 5 шақырым жердегі «Төртбөгет» бөгетінен «ЛУАЗ» автокөлігі табылды. Автокөлік ішінен 47 жасар жүргізуші мен оның 34 жасар зайыбы, 14 және 2 жасар қыздары, 48 жасар әйел, сондай-ақ Ақтөбе облысынан қонаққа келген 44 жасар әйел мен оның 1992 және 1997 жылғы екі ұлының, барлығы сегіз адамның мүрдесі шықты.

Олардың бәрі 2 қаңтар күні Күйгенкөлден Көлтабан елді мекеніне туыстарына кеткеннен қайта оралмаған.

Кеше Орал қаласында Достық даңғылы бойындағы «Арман» кафесі маңынан 1988 жылғы К. деген азаматқа тиесілі «ВАЗ-2104» автокөлігін белгісіз біреу айдап кетіп, ол ақыры жол бойындағы ағашқа соғылған. Жол полициясы қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, бұрын сотталған 23 жасар М-ны қолға түсірді.

По сообщению сайта Nur.kz