Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбелік полицейлер өрттен 4 адамды құтқарды

Дата: 11 января 2011 в 08:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбелік полицейлер өрттен 4 адамды құтқарды

Мереке күндері ақтөбелік полицейлер жанып жатқан жекеменшік тұрғын үйден 4 адамды құтқарды.

Бүгін ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, 1 қаңтар күні Ақтөбе қаласында Нариманов көшесінің 27-ші үйі ымырт үйіріле өртке оранды. Кешқұрым үйдің өртеніп жатқандығы туралы бір қала тұрғыны полицияға хабарлапты. Дер кезінде оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 4 адамды ажалдан арашалап қалды. Оның екеуі — 5-6 жастағы балалар.

Кешкі сағат 20:00 шамасында өртенген үйдің ішінде 20-ға жуық адам болған. Өйткені, екі қабатты аталмыш үйдің бөлмелері жалға беріледі екен. Ақтөбе облысының ІІД қарасты Жедел басқару орталығынан суыт хабар бойынша өртенген үйге барған полиция экипажы пәтер ішінен 5 жасар Аружан мен 6 жасар Аяжанды алып шыққан. Және тағы бір әйел мен бір азаматты көк түтін бөлмеде сұлап жатқан жерінен далаға шығарған.

Өртенген үйге барған полиция экипажы пәтер ішінен 5 жасар Аружан мен 6 жасар Аяжанды алып шыққан

Полиция қызметкерлері отқа оранған үйге кіруге ұмтылған адамдарды әрең тоқтатыпты. Себебі, жалдамалы пәтердегі тұрғындар бөлме ішінде қалған құжаттарын алып шығуға әрекеттенген. Бір әйел өзінің ақша салатын сөмкесі далаға шығатын дәлізде қалғанын айтып полицияға мұңын шаққан. Әлгі әйелді ертіп үйдің дәлізіне кірген полиция қызметкері ақша толы сөмкені алып шығыпты.

Күні-түні базарда сауда жасап, маңдай терімен тапқан ақшасын алып шығуға көмектескен полицияға аталған әйел мен екі сәбиін ажалдан құтқарғаны үшін бір келіншек полиция бөліміне алғыс хат жазған.

Полицейлердің ер жүректігі мен ерен енбегін баяндаған оннан астам алғысхат Ақтөбе облысының ІІД бастығы генерал майоры Патрис Нокиннің атына да жазылған көрінеді.

Аталмыш үйдің ауласында «Ауди» және «Москвич» көліктері тұрған. Патрульдік полицияның үш қызметкері екі автокөлікті де ауладан итеріп шығарған. Ал «Ауди» көлігінің жүк салғышында бензин толы құтылар болыпты. Бір өкініштісі, тілсіз жаудан екі адам қаза тапқан.

Көз жұмған екі жігіт өрт шыққан бөлме ішінен тысқа шыға алмай қалыпты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің шығуына себепкер кішкентай балалар деген қорытындыға келіп отыр.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 11 өрт сөндіретін техника, 2 жедел жәрдем автокөлігі және 1 газ қызметінің машинасы 5 сағат бойы тынымсыз жұмыс жасады.

Адамдарды ажал тырнағынан аман алып қалған Патрульдік полиция экипажында взвод командирі полиция аға лейтенанты Төребай Оспанов пен полиция сержанттары Нұршат Биязов және Нұрлан Әлмұхаметов сынды өз ісіне адал берілген азаматтар болды. Енді Ақтөбе облысының ІІД басшылары Астанаға арнайы хат жазып, 20-ға жуық азаматты ажалдан арашалап, 4 адамды өртке оранған үйден аман алып шыққаны үшін полиция қызметкерлерін мемлекеттік марапатқа ұсынбақ.

По сообщению сайта Nur.kz