Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жетісулықтар барша қазақстандықтарды «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» шақырды

Дата: 11 января 2011 в 09:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жетісулықтар барша қазақстандықтарды «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» шақырды

Бүгін Алматыдағы «Тілектас» мейрамханасында «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне — әр ауылдық округте 20 мың ағаш» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Барша Қазақстан халқын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» шақыру жөнінде дөңгелек үстелді республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы мен Алматы облысы «Жетісу жастары» жастар орталығы және «Гүлзәр» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырып отыр.

«Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның айтуынша -

Жобаның жүзеге асуы еліміздің әрбір азаматының патриоттық сезіміне байланысты болмақ.

«Биылғы жылды БҰҰ орман-тоғай жылы деп жариялады. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл жобаны жүзеге асыруға толықтай мүмкіндік бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Бәйшешек округінде 20 мың түп ағаш егілген. Біз осы игі бастаманы әрі қарай дамытқалы отырмыз», — деді Г. Құлжабаева.

Барша адамзат ұрпағының дені таза, сұлу да сымбатты болып өсуінің кепілі — осы табиғат сұлулығы

Айта кетейік, 2010 жылдың 28 желтоқсанында Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің қолдауымен жастардың қатысуымен өткен жиында үндеу қабылданған болатын.

Бүгінгі жарияланып отырған үндеуде »...Барша адамзат ұрпағының дені таза, сұлу да сымбатты болып өсуінің кепілі — осы табиғат сұлулығы.

Біз, Алматы облысының жастары, республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы мен «Гүлзәр» қоғамдық бірлестігі барша Қазақстан халқын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» шақырып, үндеу жолдаймыз», — делінген.

По сообщению сайта Nur.kz