Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облысы аумағында «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы басталды

Дата: 11 января 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақмола облысы аумағында «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы басталды

Ақмола облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 10-14 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілмек.

Мұндағы басты мақсат — жол бойында қозғалыс ережелерінің сақталуына қатаң бақылау жасау, жүргізушілердің көпке ортақ тәртіпті орындауын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге жоғары және арнаулы оқу орындарында, мектептерде жол қозғалысы ережесін насихаттау, көше қиылысында ереже сақтау жайына ерекше назар аударылатын болады.

Соған сәйкес жол полицейлерінің қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен, жол жасақтарымен, баспасөз өкілдерімен бірлесіп рейдтер өткізуі, қозғалыс ережесімен байланысты тақырыптық кездесулер ұйымдастыруы қарастырылған.

Іс-шара барысында ауыларалық жолдарға, елді мекендерде көлік қозғалысына қатысушылардың ереже сақтауына баса назар аударылмақ.

Оған учаскелік инспекторлар мен басқа да құрылым қызметкерлерін көптеп тарту белгіленіп отыр.

Облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сәйкес, өткен жылы өңір жолдарында 98 мың жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы тіркеліп, ішкілік ішіп жолға шыққан 2 979 жүргізуші куәлігінен уақытша айырылып,1 117-сі он тәулікке қамауға алынған.

По сообщению сайта Nur.kz