Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүгін Әл-Кувейт қаласында 2011-ші жылғы Азия ойындарының алауы жағылады

Дата: 11 января 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Әл-Кувейт қаласында 2011-ші жылғы Азия ойындарының алауы жағылады

Қазақстандық делегация 2011 жылғы Азиада алауын тұтату рәсіміне қатысу үшін Кувейтке келді.

Салтанатты рәсім бүгін күндіз Эль-Кувейт қаласындағы «Кувейт-тауэрс» маңында өтеді.Олимпиадалық Азия Кеңесі Астаналық дирекцияға қысқы Азия Ойындары тарихында тұңғыш рет Алау Эстафетасын өткізуді тапсырды. Бұл жоба ауқымдылығы әрі маңыздылығымен Азиаданың өзінен кем түспейді.

Амер Әл-Арами, ОСА өкілі, шараның үйлестірушісі: — Бұған дейін, Қысқы Азия ойындарының алауы Кувейтте жағылған емес. Біздің еліміз арқылы алаулар өтті әрине, бірақ мынадай ауқымды шара бізде тұңғыш рет болмақ. Ұйымдастыру жұмыстары 90 пайызға дайын, бір аптадан бері жұмыс істеп жатырмыз, соңғы репетиция өткізу ғана қалды.

Жоспар бойынша, алауды ОСА президенті, шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабаха қабылдап алып, қазақстандық делегация өкіліне тапсырады. Содан соң Азия континентіндегі Қытай, Жапония, Корея сынды спорттық державалар мен Қазақстан өкілдері алауды Кувейт көшелерімен алып өтеді.

Абзал Рахымғалиев, конькиші: Мен бұл Азиадаға қатысқаныма қуаныштымын, барлық спортсмендерге сәттілік тілеймін.

Абзал Рахымғалиев, конькиші: — Қазақстанда қаншама боксшылар бар, олимпийский чемпиондар бар, бірақ мен бірінші факелді аламын. Өте қуаныштымын, сосын мен факелді Кытайдан Кореядан, Япония жақтан беремін. Мен бұл Азиадаға қатысқаныма қуаныштымын, барлық спортсмендерге сәттілік тілеймін.

Қазақстанға келген соң Ақ азиада алауын кімдер ұстап баратыны белгілі болды. Жалпы іріктеліп алынған 1020 адамның 100-і эстафетаның Астаналық кезеңіне қатысады, 80-і алауды Алматы көшелерімен алып өтеді. Алауды әр аймақ орталығына 60 адам апарады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық спорт және эстрада жұлдыздары да өздерінің туған өңірлерінде алау эстафетасына қатыса алады.

Оттықты ұстайтын «жұлдызды топта» Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіров, Ольга Шишигина сынды танымал спортшылар бар.

Алау эстафетасына қатысу құқын беретін тұңғыш сертификат Олимпиада ойындарының отаны – Грекияның Қазақстандағы елшісі Евагелос Денаксасқа бұйырғанын бұған дейінгі хабарларымызда айтқанбыз.

Ержан Әлімбетов, «Ұлытау» тобының домбырашысы: — Араб еліне Кувейт еліне келіп отырмыз, осындан елге алып барамыз, онда ол елдің көп қалаларын аралайды. Қазақстан үшін бұл өте бағалы дүние, маңызы зор деп ойлаймын. Еліміздің аты көп жерде естіліп жатады, сондықтан маңызы зор деп ойлаймын.

12-қаңтар күні алау Алматыға келіп, аймақтарға «саяхатқа» аттанады. 30-қаңтарда эстафета «Астана-Арена» стадионына әкелініп, Азиаданың ашылу салтанатына ұласады.

Алаудың жағылу салтанатын барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсету жоспарлануда. Құпияның бір ұшын ғана шығарайық – Қысқы Азия ойындарының алауы «Күн нұрынан жаралған» киелі алау болмақ. Яғни, Ол қазақ спортшылардың бағын жақсын деп тілейік.

 

По сообщению сайта Nur.kz